Колледж миссиясы: Білім деңгейі жоғары, ой-өрісі икемді, кәсіби шеберлігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра алатын, бәсекеге қабілетті, ұлттық рухты бойына сіңірген мамандарды дайындау.

Колледж туралы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде жас ұрпақтың әлемдік стандартқа сай білім алуы үшін қажетті жағдайлардың жасалғанын айта келе, «Бұл мемлекеттік даму саясатының басым бағыттарының бірі», – деп көрсеткен болатын. Өйткені адамзат баласы үшін білім мен ілімнің алар орны өлшеусіз. Ал, сол білімді - ұрпақ бойына сіңіру – оқыту үдерісі екені мәлім. Елбасының сөзімен айтсақ: «Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісіне пайдалана білуге де үйретуі тиіс». Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінен білім алған мыңнан астам білікті маман бұл күнде елімізді өркендету жолында қызмет етіп, қоғам дамуына өз үлесін қосып келеді. Колледж қазір облыстағы мемлекеттік стандартқа сай кәсіптік білім беретін іргелі оқу орнына айналды. «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен республикамыздағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін бағалау үшін жүргізген сауалнамаға республика бойынша 320 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысып, рейтинг қорытындысы бойынша  республикамыздағы селолық жерде орналасқан гуманитарлық колледждер арасында Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі 2017 жылы І орын алса, 2018 жылы 49, 90 ұпаймен бірінші орынды иеленді.

Колледждің  миссиясы:

Білім  деңгейі  жоғары, ой-өрісі икемді, кәсіби оңтайлылығы, жеке және кәсіби шеберлігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра  алатын, бәсекеге қабілетті  мамандарды  қалыптастыруға  жағдай жасау арқылы білім беру үдерісінің  тиімділігін мен сапасын  арттыру. 

Колледждің  міндеттері:

  1. Білім беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасын іске  асыру  жөніндегі  2011 -2015 жылдарға  арналған  іс шаралар  жоспарын жүзеге  асыру  бағытындағы педагогикалық ұжымның жұмысын жалғастыру.
  2. «Жаңартылған білім  беру  жағдайында педагогикалық  технологияларды  қолдану арқылы білім  сапасын  арттыру» тақырыбына байланысты оқушылардың оқу-әдістемелік, тәрбиелік және кәсіптік дайындығын сәйкестендіру.
  3. Жаңа педагогикалық технологияларды, пәндердің интеграциясын, кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау мақсатында жоғары оқу орындары мен  біліктілік  арттыру  ұйымдарымен байланысты  нығайту
  4. Әдістер мен тәсілдерді ғылыми теориялық, психо-педагогикалық, оқу-әдістемелік және қаржы жағынан қамтамасыз ету.
  5. Педагог кадрлардың кәсіби құзыреттлігін арттыру және іс-әрекетін жандандыру, өзін-өзі бағалау жұмысын жүйелеу.
  6. Нормативтік құжаттар талаптарына сай келешек білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру сапасын қамтамасыз ету.
  7. Педагогикалық ұжым мен оқушылардың шығармашылығы мен парасаттылығын сақтай отырып, жетілдіру.
  8. Жеке тұлғаның саяси мәдениетін, әлеуметтік жағынан азаматтығын, өзін-өзі танытуын қалыптастыруға тәрбилеуді жүзеге асыру.
  9. Оқу-тәрбие процесінде жаңа ақпараттық технологияны ендіруге байланысты ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды өткізу.
  10. Педагогикалық ұжымның даму мониторингін  жетілдіру.

Колледж жаңалықтары

«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының   тұжырымдамасына байланысты  шаралардың  ұйымдастырылуы  мен  өтілуі туралы

«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының тұжырымдамасына байланысты шаралардың ұйымдастырылуы мен өтілуі туралы

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі  ағымдағы жылдың сәуір айының 4-17сі аралығында «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының тұжырымдамасына байланысты  шараларды  жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің  Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату мақсатында жоспарлы түрде ұйымдастырды

«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы

«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы

«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК-де 2019 жылдың  30-шы қаңтары  күні 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының  0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі және 0103000«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 0103023 «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша студенттердің мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға, халықаралық стандарттарды оқыту-әдістемелік құралдарында пайдалануға, материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға, сарапшылар мен колледж мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға өзіндік үлесін қосу мақсатында  колледжішілік «WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы өткізілді. 

 

 

 

 

 «XXI ғасыр –техника ғасыры »

«XXI ғасыр –техника ғасыры »

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде 2018-2019 оқу жылының 03-08 желтоқсан аралығында «XXI ғасыр –техника ғасыры » тақырыбында Н.Аюпованың ұйымдастыруымен  информатика пәні апталығы өткізілді. Апталық аясында информатика пәні оқытушысы А.Жумагулова  «Smart технологиялар-сапалы білім беру негізі» тақырыбында баяндама жасады. 04.12.2018ж. күні информатика пәні оқытушысы Н.Аюпованың     ұйымдастыруымен колледж студенттерінің арасында информатика пәні бойынша пәндік олимпиада  болды.  

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесі

Қарашаның 29-30-ы күндері Бейнеу балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде Аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ы.Божановтың ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ерлер арасында баскетболдан өткен аудандық жарыста «БГЭК» командасы І орын алды. Осы мерекеге орай жерлестеріміз Әбілгерее Ербол мен Садақов Нұрболды еске алуға арналған қазақ күресінен ересектер арасында өткен облыстық ашық турнирде 74 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын алған «Дене тәрбиесі мұғалімі» біліктілігінің І курс студенті Базарбаев Н. марапатталды.

Сурет галереясы