Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Директор

Директор

Жаулы  Гүлстан Жазықбайқызы

Бейнеу гуманитарлық колледждің

директорының  міндетін атқарушы

Жаулы Гүлстан Жазықбайқызы 1972 жылы 2  шілдеде өмірге келген.

Жоғары білімді, педагогикалық еңбек өтілі – 28 жыл. 1995 жылы Х.Досмухамедов атындағы  Атырау университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1995 жылы Абай атындағы орта мектебінде бастаған. Еңбек еткен жылдарында өз пәнінің теориясы мен әдістемесін терең меңгерген білікті маман  екенін дәлелдеді.

1999жылы «Жыл мұғалімі» байқауының, 2000 жылы аудандық,облыстық тілші мұғалімдер олимпиадасының, 2002 ж. облыстық  педагогикалық оқуларда I орын иеленді.

Гүлстан Жазықбайқызы – білікті маман болуымен қатар мектеп директорынның орыебасары,мектеп директоры  қызметтерінде жемісті еңбек етті. Атап айтқанда:

2003-2016 жылдар аралығында Абай атындағы орта мектебінде директордың ғылыми – әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары;

2016-2017 оқу жылы аталмыш мектепте мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

2017-2019 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

2019 жылдың қаңтар айынан бастап мектеп директорының міндетін атқарушы;

2019-2021 жылдары «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры қызметін атқарған.

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Бейнеу гуманитарлық-

экономикалық колледждің  директорының  міндетін атқарушы қызметін атқарып келеді.

Аудан,облыс,республика көлеміндегі жұмыстары мен жетістіктері:

2012 жылы аудандық «Үздік әдіскер» байқауында II орын;

2012 жылы облыстық «Ең бірінші бақытым – тілім менің» байқауында II орын;

2013-2014 жылдары аудандық ғылыми жоба, «Маған оқулары» конкурстарының , жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» үздік аттестат, негізгі орта білім туралы үздік куәлікке үміткерлердің құжаттарын тексеру комиссиясының, жалпы орта білім туралы үздік куәлікті алуға үміткерлердің жазбаша жұмыстарын қарау, аудан мектептерін әдістемелік көмек беру комиссиясы мүшесі болған.

2015 жылы республикалық «Ұлағатты ұстаз» байқауында «Әдістемелік әзірлемелер» бағыты бойынша жүлделі I орын;

2016 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғаммен ұйымдастырылған «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиядада  I орын;

Оқушыларының жетістіктері:

2013 жылы аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиядасында оқушы Г.Қожбанова «Жас ғылымдар» бөлімі бойынша I орын;

2016 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиядасында оқушылары Ж.Жарас, Р.Мырзабаева,Н.Саулеева  I орын, Ж.Тұрғанбаев,Н.Елеубаев II орын, Р.Елкеева, М.Исаеалар жақсы көрсеткіштері үшін сертификат иегерлері.

Баспасөз материалдарының жариялануы:

2012 жылы «Мұғалім.кz» республикалық оқу – әдістемелік журналында (№1(15), 2012ж) Шыңғыс Айтманова (Найман ана) сабағының жоспары;

2012 жылы Мұғалім.кz» республикалық оқу – әдістемелік журналында (№23(17-18), 2012ж) «Абайдың қара сөздері» сабағының жоспары;

2021 жылы «Білім әлемі» республикалық ғылыми – танымдық, педагогикалық журналында (№44 (37-38),2021ж) «Жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары»

2021 жылы «MODERN TEACNER» халықаралық ғылыми – әдістемелік журналы (№3 (43-44-45-46),2021ж) «Қазақ тілі пәнін оқытудың әдістемелік жетілдіру жолдары» еңбектері жарияланған.

Білім беру саласында жеткен жетістіктері үшін Аудандық бөлімінің Құрмет грамотасы (1995ж, 1997ж),Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы (1999ж), Облыс әкімінің Алғыс хаты(2008ж), Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің Құрмет грамотасы (2019 ж), Аудан  әкімінің  Алғыс хаты(2019 ж, 2021 ж )марапатталған.