Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Жол сілтеуші аныктамалық

Маңғыстау облыстық білім басқармасы, Бейнеу ауданы,

«Бейнеу гуманитарлық колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

 

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖОЛСІЛТЕУШІ АНЫҚТАМАЛЫҚ

 

Колледждің заңды мекен-жайы: 130100, ҚР Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы

Б.Майлин көшесі 1Д

E-mail: mng_bgek@mail.ru 

Сайт: www.bgek.kz

Сенім телефоны: 8 (72932) 2 15 88

Колледж туралы жалпы мәлімет

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде жас ұрпақтың әлемдік стандартқа сай білім алуы үшін қажетті жағдайлардың жасалғанын айта келе, «Бұл мемлекеттік даму саясатының басым бағыттарының бірі», – деп көрсеткен болатын. Өйткені адамзат баласы үшін білім мен ілімнің алар орны өлшеусіз. Ал, сол білімді - ұрпақ бойына сіңіру – оқыту үдерісі екені мәлім. Елбасының сөзімен айтсақ: «Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісіне пайдалана білуге де үйретуі тиіс».

«Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өңірді гуманитарлық және экономикалық мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Бейнеу ауданы әкімі Басшы Айжанақұлы Әзірхановтың бастамасымен Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 29 қарашадағы №344 шешімі негізінде құрылған болатын. 2008 ж 28 наурыздағы №227 қаулысымен Маңғыстау облысының білім басқармасының «Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жарғысы бекітілді. Жарғыға Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 90 қаулысымен бекітілген толықтыру енгізіліп, Бейнеу аудандық әділет басқармасынан тіркеуден өткізілді.

Оқу орны ашылуының аудан тұрғындары үшін маңызы зор болды. Мамандардың жергілікті жерден, оның ішінде ауылдық жерден дайындалуы экономикалық жағынан тиімділігін көрсетіп келеді. Екіншіден, тәуелсіздік жылдары ішінде атамекеніне оралған қандастарымыздың балаларының кәсіби білім алуына мол мүмкіндік туды.

Оқу орнының басты құндылығы-оқушы құрамы. Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжіне білім алуға тілек білідірушілер саны жыл сайын артыпкеледі. Егер 2008-2009 оқу жылында күндізгі бөлімді 50, сырттай бөлімді 50 түлек бітіріп шықса, өткен 10 жыл ішінде Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінен білім алған мыңнан астам білікті маман бұл күнде елімізді өркендету жолында қызмет етіп, қоғам дамуына өз үлесін қосуда.

Ұстаз болу ұлағатты мамандық иесі дейміз. Ал ұстаздардың ұстазы болу, яғни ұстаз дайындау - жауапты іс. Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау жолында аз ғана жылдың ішінде қалыптасқан педагогикалық ұжымның да еңбегі мол. Білім беру ұйымында ғылыми – педагогикалық және шығармашылық жұмысқа мүмкіншіліктері бар және заман талабына сай мамандар дайындауда жоғары жетістіктерге ие болған жоғары білікті мамандар жеткілікті. Педагог кадрлардың сапалық құрамына тоқтала кетсек, барлық педагогтар санына шаққанда жоғары және І санатты оқытушылар үлесі 52 % құрайды. Педагог мамандар саны 52 оқытушы, олардың арасында өздерінің педагогикалық жолында облысқа, республикаға танымал, кәсіби сайыстар мен конкурстар жеңімпаздары да бар.

Бейнеу гуманитарлық  колледжі төмендегідей мамандықтар бойынша мамандар дайындайды:

0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

0101013  Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі

0105000 Бастауыш  білім беру

0105023 Информатика пәнінен  бастауыш  білім беру  мұғалімі

0105000  Бастауыш  білім  беру

0105033  Шетел  тілінен бастауыш  білім беру мұғалімі

0103000  Дене тәрбиесі және спорт

0103023  Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі

0111000  Негізгі орта білім

0111023  Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі

0111000  Негізгі орта білім

0111083 Шетел тілі пәнінің мұғалімі

01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және  оқыту

4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі

01140500 Дене тәрбиесі және спорт

4S01140501  Дене тәрбиесі мұғалімі

01140600  Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

4S01140602 Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі

01140600  Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

4S01140605 Шетел тілі мұғалімі

01140700 Информатика

4S01140701 Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі

03220100   Кітапхана ісі

4S03220101   Кітапханашы

01130200 Қосымша білім беру

4S01130201 – Қосымша білім беру педагогы (салалар бойынша)

 

01140100     Бастауыш  білім беру педагогикасы мен әдістемесі

4S01140101  Бастауыш білім беру мұғалімі

01140600     Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың   педагогикасы мен әдістемес   

4S01140601  Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

01140500     Дене тәрбиесі және спорт

4S01140503  Спорт жаттықтырушысы – оқытушы

01140300     Көркем еңбек

4S01140301  Көркем еңбек мұғалімі

 

 

 

 

Бейнеу  гуманитарлық колледжінің әкімшілігі

Лауазымы

Аты-жөні

Байланыс ақпараттар

Колледж басшысы

Жаулы Гүлістан Жазықбайқызы

Жұмыс тел: 8 72932 2 51 06

Ұялы тел: 8 702 500 33 96 

E-mail: mng_bgek@mail.ru

Колледж басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Жумагулова Аккенже

Байтореевна

Жұмыс тел: 8 72932 2 51 49

Ұялы тел: 8 7021899195

E-mail: dinaak_73@mail.ru

Колледж басшысының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары

Жаңбырова Гулжамал Султановна

Жұмыс тел: 8 72932

Ұялы тел: 8 705 392 35 62

E-mail:  guljamal.83.02@mail.ru

Колледж басшысының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі орынбасары

Калдаулетова Айгерим Максатовна

Жұмыс тел: 8 72932 2 51 49

Ұялы тел: 8 701 145 53 89

E-mail: aigera_8904@mail.ru

Колледж басшысының оқу-өндірістік практика жөніндегі орынбасары

Адилов Серік Карисбайұлы

Жұмыс тел: 8 72932 2 51 49

Ұялы тел: 8 7711251853

E-mail: serik.adilov.83@mail.ru

Колледж басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Кадирбаева Зауреш Турашовна

Ұялы тел: 8 707 3360632

E-mail: Zayresh@mail.ru

Колледж басшысының шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары

Илясов Марат

Жоламанович

 

Жұмыс тел: 8 72932 2 55 85

Ұялы тел: 8 701 478 57 16

 

 

Шәкіртақы мен оқу төлемақысының тәртібі

 

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге, білім беру мекемелерінде оқитын жекелеген категорияларға мемлекеттік шәкіртақы төлеу туралы Ережелерге сәйкес (ҚР БжҒМ 07.02.2008ж. бекітілген №116 және 18.07.2011ж. №815 бұйрықтары) белгілі мөлшерде (ағымдағы жыл шәкіртақысының мөлшері ҚР «Бюджет туралы» Заңына сәйкес өзгеруі мүмкін) ай сайын төленетін мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша түскен І (9 сыныптан кейін) курс студенттеріне І семестрде мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттердің келесі оқу семестріне шәкіртақы өткен емтихан сессиясының қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді. Шәкіртақыны мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын, емтихан сессиясының нәтижесі мен білімді бақылау түрлерінің барлығы бойынша «жақсы», «үздік» баға алған, үлгерімі жақсы студенттерге тағайындайды және емтихан сессиясы өткен соң келесі айдың бірінші күнінен бастап, ай сайын төленеді.

Білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімшартқа отырған

мезеттен күндізгі оқу бөлімінің студенті ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін оқу семестрінің төлемақысын жылдық құнының 100% көлемінде төлеп, келесі оқу жылының соманы келесі жылы бөліп төлей алады.

Сырттай оқу бөлімінің студенті оқу семестрінің төлемақысын әр сессия басталғанға дейін жылдық құнының 50% көлемінде төлеуі қажет.

Оқу курстарының төлемақыларын колледж есеп шотына «КАЗКОММЕРЦБАНК» бөлімшелері арқылы төмендегі реквизиттер бойынша аударуға болады:

 

ГККП «Бейнеуский гуманитарно-экономический колледж»

При управлении образования Мангистауской области

РНН 430200211225

БИН 051240004388

ИИК KZ579261401185918004 арнайы есеп шот

БИК KZKОKZKX

АО «КАЗКОММЕРЦБАНК» села Бейнеу

  

 

Студенттерге арналған ережелер

 

Осы Ереже ҚР Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, «Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжіндегі» МКҚК – ның ішкі тәртіп ережелерін, студенттің, колледж әкімшілігінің негізгі құқығы мен міндеттерін анықтайтын, Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінің Жарғысына сәйкес даярланған, сондай-ақ колледждегі студент қызметіне байланысты басқа да мәселелерді қадағалайды. Ішкі тәртіп ережелерін колледж қызметкерлері мен студенттеріне орындау үшін міндетті болып табылады.

 

1.Жалпы ереже

1.1. Осы Ереже Колледждің ішкі тәртіптерін анықтайтын негізгі нормативті акт болып табылады;

1.2. Студенттер (колледжге директор бұйрығымен оқуға түскендер) оқу жоспарларына және білім беру бағдарламаларында қарастырылған, білім алуға қатысты барлық тапсырмаларды бекітілген уақытта орындауға міндетті;

1.3. Оқу тәртібі Колледж әкімшілігінің тарапынан адал еңбегі мен білімі үшін мадақтау әдістері арқылы оқу міндеттерін сапалы орындау, қалыпты жоғары өндірістік жұмыстар үшін қажетті ұйымдық және экономикалық шарттардың құрылуын қамтамассыздандырады;

1.4. Колледж студенттерінің ішкі тәртіп ережелері және оларға қосылатын барлық өзгерістер мен қосымшалар әкімшілік ұсынысы бойынша Колледждің білім алушылары өкілінің қатысуымен педагогикалық Кеңесте қолданылады және директордың бұйрыққа қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.

 

2. Студенттердің негізгі құқықтары

Колледж студенті төмендегі құқықтарға ие:

2.1. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

2.2. Білім беру гранты бойынша және келісім шарт негізінде білім алуға;

2.3. Орнатылған көлемде стипендия алуға (мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын тұлғаларға арналған);

2.4. Ғылым, техника және мәдениеттің қазіргі заманға сай даму деңгейіне сәйкес білім алуға;

2.5. Өзінің жетістіктерін, еркін ұжданын, өзінің еркін ойы мен сенімділігін құрметтеттіре білуге;

2.6. Колледждегі студенттік өзін-өзі басқару органында сайлауға және сайлануға;

2.7. Колледждегі кітапхана, ақпараттық қорларды, оқу, емдік және басқа да бөлімшелер қызметтерін тегін пайдалануға;

2.8. Барлық мәдени жобалар түрлеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларға, байқауларға, фестивальдарға, өз жетістіктерін публикациялауға, сондай-ақ колледждегі баспаларға, пәндік үйірмелерге қатысу мүмкіндігін алуға;

2.9. Конференцияларға, Колледждің құрылымдық бөлімшелерімен ұйымдастырылатын барлық байқауларға, үйірмелерге, спорт секцияларының жұмысына, жарыстарға, денсаулық күніне арналған және басқа да іс шараларға қатысуға;

2.10. Оқытылатын пәндер бойынша оқытушылардан кеңес алуға, оқытудың сапасы мен әдістері туралы ойын жеткізуге, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар білдіруге;

2.11. Сабақ барысындағы ерекше жетістіктері үшін және Колледждегі оқу және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін моральды және материалдық жағынан мадақталуға;

2.12. Колледж оқытушылары ұсынған факультативты курстарды таңдауға құқылы.

 

3. Студенттердің негізгі міндеттері

Колледж студенттерінің міндеттері:

3.1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында бекітілген міндеттерді орындауға;

3.2. Колледж Жарғысын, студенттер қызметтерінің ішкі тәртіп ережелерін ұстануға, педагогикалық Кеңес шешімін, директордың, директор орынбасарларының оқу, мәдени, ғылым процестерін түзейтін, олардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қатысты бұйрықтар мен өкімдерді орындауға;

3.3. Колледждің барлық студенттері таңдаған мамандықтары бойынша теориялық білімді және практикалық дағдыларды білуге, бекітілген мерзімде тапсырмалардың барлық түрлерін орындауға, барлық емтихандар мен сынақтарды бекітілген мерзімде оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес тапсыруға (емтихандық сессия);

3.4. Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес, оқу сабақтарына қатысуға және оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындауға;

3.5. Колледж директорымен бекітілген осы ережеде қарастырылатын ереже мен нұсқаулықтарға сәйкес еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өрт қауіпсіздігінің қорғанысы жөніндегі талаптарды ұстануға;

3.6. Колледж мүлігін сақтауға, жабдықтар мен техникаларды нәтижелі пайдалануға, internet желісіндегі жұмыстарға арналған ресурстарды тек оқу және ғылыми-әдістемелік мақсаттарда пайдалануға, студенттер пайдаланымына берілген бұйымдарды күтіп ұстауға, энергия, су мен басқа да ресурстарды үнемдеп шығындауға;

3.7. Адам жетістіктерін және білім алушылар мен оқытушылардың ойын құрметтеуге, басқа тұлғалар ойына құрметпен қарауға;

3.8. Колледждің оқу корпусында жүрген кезде өзін лайықты ұстауға, басқа студенттердің өз міндеттерін орындауға зиян келтіретін істерден алшақ болуға, жалпы адамгершілік және этикалық нормаларды ұстануға, Колледждің іскерлік беделін құрметтеуге-қорғауға;

3.9. Тәртіпті және ұйымшыл болуға, Колледждің барлық оқу және басқа да жерлерінде тазалық пен тәртіпті сақтауға, Колледждің оқу корпусы мекемесінде оқу және қосалқы жинау жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

3.10. Тәртіпті және ұқыпты болуға, Колледжде, көшеде, қоғамдық орындарда және үйде өзін лайықты етіп ұстауға;

3.11. Қоқан-лоқы көрсетіп, құқық бұзып, төбелескені үшін студент Колледждің студенттер қатарынан шығарылуға;

3.12. Дене тәрбиесінің сабақтарында әкімшілікпен бекітілген спорт киімдерімен жүруге;

3.13. Аудиторияларға кірген оқытушылар мен әкімшілік өкілдерін орындарынан тұрып қарсы алуға;

3.14. Колледж студенттеріне арналған форманы (ер балаларға – ақ көйлек, қара костьм шалбар , қыз балаларға – ақ кофта, сарафан) сақтауға;

3.15. Сабақ барысында оқытушының айтқаны мен оқушылардың жауаптарын тиянақты тыңдауға, сөйлемеуге, ұялы телефонды қолданбауға, оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға, сұрақтарды қою немесе оларға жауап беру кезінде оқытушының рұқсатымен орындарынан тұрып отыруға, аудиториялардан сабақ барысында шығып немесе кіру оқытушының рұқсаты арқылы ғана жүзеге асырылады;

3.16. Кабинеттерде, сабақ өткізу барысында және оқу өндірістік практиканың өту кезінде тек қана сабақ басшысы көрсеткен аспаптармен және құралдарды пайдалануға, оларды ұқыптап ұстауға және қауіпсіздік техникасын сақтауға, суретке, ұялы телефондарға суретке және бейне түсірілімге түсіруге тиым салынады;

3.17. Ауырып қалған жағдайда және басқа да себепсіз сабақтарға келмеген жағдайда топ старостасын, топ жетекшісін немесе бөлім меңгерушісіне хабарласуға. Егер студент сабаққа қатыспағаны жайлы бөлім меңгерушісін, топ жетекшісін және топ старостасын ескертпесе ол себепсіз қалған деп есептеледі. Ауырып қалған жағдайда студент амбулаториялық, емдік мекемелер немесе Колледж медпунктінің бекітілген формадағы анықтамасын ұсыну керек;

3.18. Топ старостасы тікелей топ жетекшісіне, бөлім меңгерушісіне, директордың орынбасарларына, жастар ұйымына бағынады және олардың барлық айтылған және хат түрінде берілген тапсырмаларын орындайды және оларды өз тобына хабарлайды;

3.19. Топ старостасының міндеттеріне топта тәртіп ұстанымдары, топ студенттерінің арасында оқулықтардың уақытылы алынып және таратылуы, бөлім меңгерушісіне қажетті құжаттардың уақытылы тапсырылуы міндетті.

 

4. Колледж ғимаратында төмендегілерді жасауға тиым салынды

4.1. Қатты сөйлеуге, шулауға, музыка тыңдауға, дөрекі сөйлеуге, сабақ барысында коридорларда жүруге;

4.2. Дене жарақаттарын келтіруге немесе байбалам салуға, бірін-бірі балағаттауға, басқалардың мүліктерін ұрлауға, басқаларды және Колледждің жеке мүліктерін әдейі бұзып, агрессиялық немесе бұзақы қылықтар (актілері, сондай-ақ құқыққа қарсы қылықтар) көрсетуге;

4.3. Мекемеде, аймақта, аулада, оқу корпусының кіре берісінде темекі шегуге, түкіруге, шашуға;

4.4. Спирт сусындарын, уландыратын немесе есірткілік мастандыратын құралдарды пайдалануға;

4.5. Қару-жарақты, атылғыш заттарды, газ балондарын алып келуге, таратуға, жарылысқа немесе өртке әкеліп соғатын барлық құралдармен бүйымдарды пайдалануға;

4.6. Қарым-қатынас шешу кезінде күш пайдалануға, ортадағыларға қауіп төндіретін істер жасауға;

4.7. Шағып жейтін дәнді-дақылдар мен құмарлық ойындарды пайдалануға;

4.8. Сабақтан және аудиториядан тыс іс-шаралар басырысында қосылып тұрған ұялы телефондарды пайдалануға, құлаққап тағып және сағыз шайнауға, ұялы телефондарды және басқа да жеке техникаларды Колледждің электр желілерінде зарядтауға;

4.9. Жарқын косметиканы пайдалануға, сәндік бұйымдарды көп мөлшерлерде және оларды ұзын етіп тағуға;

4.10. Колледждің локальдық желілерінде және интернет желілерінде зиянды бағдарламалық қамтамассыздықты таратуға;

4.11. Қабырғаларға, аудитория үстелдеріне және басқа да орындарда қандайда бір жазу материалдарын жабыстыруға;

4.12. Сабақ барысын бұзуға, аудиторияға оқытушының рұқсатысыз кіріп шығуға;

4.13. Коридорлар мен сатыларда жүгіруге, басқа студенттерді итеруге, бір-біріне неше түрлі бүйымдар лақтыруға.

4.14. Діни киімдер киюге және Колледжде діни атрибуттар пайдалануға;

4.15. Колледжге шолақ шалбар, майка, сланцы киіп келуге, спорт киімдерін дене тәрбиесі сабағында немесе спорттық іс-шараларда ғана киюге;

4.16. Оқу аудиториясына сырт киімдерімен кіруге болмайды (пальто, куртка, плащ, бас киімдер және т.б.);

4.17. Сабақ барысында тамақ және сусын ішуге тыйым салынады.

 

5. Колледж қызметкерлері мен әкімшілігінің негізгі міндеттері

Білім беру жағдайын қамтамассыздандыру мақсатында Колледж әкімшілігі:

5.1. Ғылыми-педагогикалық, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы және басқа қызметтер жұмыстарының ұйымдастырылуын қамтамасыздандырады;

5.2. Дені сау және қауіпсіз білім беру жағдайын, құрал-жабдықтардың жөнделген күйін қамтамассыздандырады;

5.3. Колледждің қаржы құралдарының шегінде материалдық-техникалық қамтамассыздықты және білім беру процессін және ғимараттың жабдықталуын жүзеге асырады;

5.4. Білім беру процесінің тиісті әдістемелік қамтамасыздануына шаралар қолданады;

5.5. Сабаққа алкагольды есірткі және уланған мас күйінде келген студентті кіргізбейді;

5.6. Өндірістік жарақаттанушылықты алдын алу бойынша қажетті шаралар қолданады, студенттердің қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың барлық талаптарын біліп және сақтауын бақылайды;

5.7. Студенттердің сырт киімдерін сақтау үшін қалыпты жағдайларды құрайды, ғимараттың жылу, жарық, желдету, жабдықтарымен жабдықталуын қамтамасыздандырады;

5.8. Колледж ғимараттарының жақсылап жабдықталуын (жөнделген жиһаздардың, оқу жабдықтарының бар болуы, қалыпты температурамен, жарықтың және т.б. сақтығын), жабдықтардың жөнделуін және сабақ барысына оқу құралдарының дайындығын қамтамасыздандыруға міндетті.

 

6. Жастар ұйымы

6.1. Жастар ұйымы өз ісінде ҚР заңнамасына, осы Ережеге және басқа да нормативтік құқықтық актілерге бағынады;

6.2. Студенттер Колледждің Жастар ұйымының құрамына кіре алады;

6.3. Жастар ұйымы:

студенттер, топ старостасының қызметтерін үйлестіреді;

студенттерді өз беттерінше Колледждегі қоғамдық-пайдалы және қатысты аймақтардағы жұмыстарды орындау үшін шақырады;

колледж әкімшілігіне материалдық құндылықтардың сақтығын бақылауды ұйымдастыруға көмек береді;

студенттер қызығушылығын арттырады;

мәдени-бұқаралық жұмыстар өткізуді ұйымдастырады.

 

7. Жетістіктері үшін мадақтау

7.1. Оқудағы және Колледждің қоғамдық, мәдени және ғылыми өміріне белсене қатысқаны үшін студенттерге төмендегі моральды және материалды мадақтау формалары орнатылады: (алғыс жариялау) Мадақтау Колледж директорының бұйрығымен жарияланады, барлық ұжымдарға мәліметтенеді және студенттің жеке ісінде сақталады.

 

8.Оқу тәртібін бұзғаны үшін қойылатын жауапкершілік

8.1. Колледж Жарғысында, Ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген оқу жоспарларын орындамағаны, бұзғаны үшін төмендегі тәртіп ықпалынсыз келесі шаралар қолданады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) колледжден шығару;

8.2. Студенттерге төмендегі жағдайлар кезінде тәртіптік шаралар қолданылады:

а) осы ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген міндеттерді бір рет немесе жүйелі орындамаған кезде;

б) оқу орнына зиян келтіргені үшін;

в) студентке ешбір себепсіз сабақтарға қатыспағаны үшін:

8.3. Әрбір тәртіптік жаза шарасы жөніндегі мәлімдеме білім алушының жеке ісіне енгізіледі.

8.4. Тәртіптік жаза қолданылған кезде жасалған тәртіпсіздік пен жағдайдың ауыртпашылығы есепке алынады.

 

Колледж студентінің ар-намыс Кодексі

Мен, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің студентімін, Колледждің  біліктілігі жоғары, адамгершілігі мол мамандар даярлау бойынша миссиясын жүзеге асырудағы өзімнің жауапкершілігімді түсіне отырып, корпоративтік мәдениетті, студенттік қоғамды қолдауды және дамытуды, колледждің имиджін сақтауды парызым деп есептей отырып, Бейнеу гуманитарлық -экономикалық колледжі студентінің ар-намыс Кодексін қабылдаймын және оны мінсіз орындауды міндетім деп танимын.

1-бап. ҚР заңнамасын, БГЭК Жарғысын, ішкі тәртіп ережесінжәне Колледждің нормативтік актілерін сақтау.

2-бап. Студенттік қауымдастықта өзара сыйластық пен сенімді, жоғары академиялық мәдениетті қолдауға көңіл бөлу. Кез келген түсінбеушілікті дұрыс шешуге тырысу және басқа студенттерге әлімжеттік көрсетуге жол бермеу.

3-бап. Оқу үдерісінде әділетсіздік, адамгершілікке жат қасиеттер, немқұрайлылық болмау керектігін ескере отырып, оқыту мен білімді бақылаудың барлық түрлеріне жауапкершілікпен қарау. 

4-бап. Оқытушыларға, қызметкерлерге, Колледж әкімшілігінің өкілдеріне мейірімділік таныту, оларды тегімен атауға жол бермеу және дөрекілік көрсетпеу.

5-бап. Колледж мәртебесіне немесе студенттік қауымдастықтың беделіне нұқсан келтіретін іс әрекеттен аулақ болу.

6-бап. Әр түрлі зиянды қылықтардан бас тарту.

7 -бап. Колледждің мүлкін сақтауға ниет білдіру.

8-бап. Киім үлгісі этикалық нормаларға сай болуы қажет және оқытушылардың немесе студенттердің көңілін аудармауы, сабаққа кедергі келтірмеуі керек.          

9-бап.Сабақтарды себепсіз жібермей сынақтар мен емтихандарды уақытылы тапсыруға уәде беремін.

10-бап.Осы ар-ұждан кодексін қабылдай отырып, колледжіміздің беделін жоғары болуына күш жігерімді аямаймын.

11-бап.Жоғарыда берген уәделерімді орындай алмасам студенттердің өзін-өзі басқаратын кеңесінің  қандай да болмасын  шешіміне ризамын. 

12-бап.Осы кодексті орындаймын деп ант етемін.

  09.09.2016 ж. Студенттер ұжымы жиналысында

қаралып, қабылданды

Кітапхана

 

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледж кітапханасының көлемі 36,85м2 ,оған 9 стол, 18 орындық, компютер мен ноутбуктар қойылып, интернет жүйесіне қосылған. Колледж кітапханасы оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен шұғылдануына көп ықпал тигізеді. Кітапханалар сол оқу орындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Оқушылар негізгі пәндер бойынша белгіленген тапсырмаларды орындауда қосымша мәліметтер алуда колледж кітапханасы көмекке келеді. Студенттер ғылыми жоба жазуға, жарыстарға қатысуда кітапхананың кітап қорын және интернетті үнемі қолданады. Студенттерді шығармашылық жұмысқа баулып, белсенділігін, қызығушылығын арттыруда қолданатын әдіс-тәсілдер:

 

  • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау
  • Арнаулы бір тақырыпта пікір талас тудыру.
  • Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөз жұмбақ, құрастырмалы ойындар).
  • Қиялдау арқылы сурет салғызу ролге бөліп оқыту
  • Ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру
  • Ой шапшаңдығын, сөз байлығындамытуда өлең шумақтарын құрастыру.

 

Бұл жұмыстың түрлері арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, ойларын жетік жеткізуге үйрету.

Студенттерді кітапханаға келген жаңа оқулықтармен, көркем және ғылыми көпшілік әдебиеттермен, күнделікті баспасөз материалдармен таныстырып, өскелең ұрпақтың талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, ой-өрісін дамытуда, жоғары эститикалық талғамын қалыптастыруда кітапхана жұмысы бір жолға қойылған.

Кітапханада жасалатын жұмыс жоспарының негізгі бағыттары:

 

  • Жаңа оқу жылында кітапханаға оқырмандарды қабылдау;
  • Кітапхана оқырмандармен көпшілік шаралар өткізу;
  • Тақырыптық картатекалар жасақтау;
  • Колледж кітапханасына келген жаңа кітаптарды насихаттау;
  • Библиографиялық жұмыстар жүргізу;
  • Кітапхана қорларын қалыптастыру,сақтау.

 

Колледж кітапханасы бүгінгі таңда колледждің жетекші құрлымдық бөлімі ретінде оқу-тәрбие үрдістерін қажетті ақпарат құжаттармен қамтамасыз етуші білім беру орталығы болып табылады. Қазіргі уақытта кітапхананың кітап қоры 17379 дана. Оның ішінде кәсіби оқулық 7410 дана, жалпы оқулық 6323 дана ,әдістемеліктер 2637дана,көркем әдебиет 897 дана, электрондық оқулық 112 дана бар.

Жыл сайын колледж кітапханасынан оқулықтарды негізінде тегін пайдалануда, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мемлекеттік атаулы әлеуметтік құқығы бар балалар оқулықпен қамтамасыз етіледі. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы кітап шығару ісі қолға алына бастады. Соның бір айғағы колледж кітапханасына кейінгі «Фолиант», «Нур-Принт», «Дайк-Прист», « Жазушы», «Мектеп», «Академия Медиа», «Таймас», «Жеті жарғы» т.б баспаларынан шыққан кітаптармен қамтылды

 

 

 

Жастар комитеті

 

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің Жастар комитеті құрамында 7 студент бар. Комитет Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V жастар саясаты жаңа заңнамасын басшылыққа ала отырып жыл сайын өз жоспарын жасақтап, жұмыс жүргізуде.

Жастар ұйымының мақсаты: Студенттерді оқу-тәрбие үрдісіне белсенді түрде араласуға тарту, әр түрлі мәдени іс-шараларға шараларға белсенді түрде қатыстыру және өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шараларды ұйымдастыру.

Жастар ұйымының міндеттері:

1. Студенттердің және оқу орындары түлектерінің қатарынан дарынды жастарды анықтап, Серіктестік пен Ұйымдарда қызмет ету үшін жұмысқа тарту.

2. Жас қызметкер қатарынан кадрлық резерв қалыптастыру.

3. Жастардың инновациялық шығармашылық қызметін қолдау жән ықпал ету.

 

 

«Қыз Жібек» қыздар ұйымы

«Қыз Жібек» қыздар ұйымының негізгі бағыттары:

1. Тарихи тұлғалардан өнеге

2. «Қыз Жібек» клубының мүшелерінің бейнесін қалыптастыру

3. Колледж қыздарын тектілікке тәрбиелеу

4. Отан отбасынан басталады

5. Болашақ  ұлт анасы

«Қыз Жібек» қыздар ұйымының негізгі мақсаты: Қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірде отбасылық міндеттерді алған білімімен  ұштастыра  білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін шынайы Қыз Жібек қалыптастыру және университет білім алушыларының сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын текті қыздар ортасын құру.

«Қыз Жібек» клубының негізгі  міндеттері:

  • тарихи дара тұлға  арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру;
  • ұрпаққа берілер ұлттық тәрбие көзі ретінде даярлау;
  • кез келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту;
  • сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, саламатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды үйрету;
  • қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық құндылықтармен сабақтастыру;
  • болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлау;
  • салт-дәстүрді дәріптеп, жүзеге асыруға баулу;
  • үй  шаруашылығына  қатысты өмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыру.

 

 

«Қыз жібек» клубының ұстанымдары:

   - Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени, ұлттық құндылықтарын сақтау, тән саулығын, саламатты өмір салтын ұстануға баулу, адамгершілік және рухани дамыту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

   - қыз қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, өткен тарихымызды білуге, адал достықты түсінуге, өнерге, мәдениетке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

   - мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру. Қыз алдында қоғамның, елдің, ұлттың болашағы үшін үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын ұғындыру. Әдеп пен сыпайылық, ибалық, инабаттылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындату;

  - үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білікті, білімді, құзіретті қызды қалыптастыру.

 

«Жас қыран» ұлдар ұйымы

«Жас қыран» ұлдар ұйымы негізгі мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.