Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Блог директора

Құрметті колледж сайтын қолданушылар!

 

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі – ауданымыздағы сұранысқа ие мамандар дайындайтын бірден-бір оқу орны.
Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенті атану – жастар үшін үлкен мәртебе. Колледжімізден білім алған мыңнан астам білікті маман бұл күнде елімізді өркендету жолында қызмет етіп, қоғам дамуына өз үлесін қосып келеді. Колледж қазір облыстағы мемлекеттік стандартқа сай кәсіптік білім беретін іргелі оқу орнына айналды.


Колледж сайтын қолданушылар! Туындаған сұрақтарыңызға директор блогы арқылы жауап ала аласыздар.

Сіздерге деген құрметпен колледж директоры

Жаулы  Гүлстан Жазықбайқызы

Блог директора

 
Сұрақ: Мен Шымкент қаласындағы Мирас университтетінің 3курс студентімін.Осы коллеждге Қазақ тілі мен əдебтеті бойынша жұмысқа тұрғым келеді.Осы арманыма қалай қол жіткізсем болады.

Ответ: Сәлеметсізбе! Сіз еңбек өтілін мектептен бастап, өз пәніңіз бойынша жақсы жетістікке жетіп, І немесе жоғары категориялы маман болуыңыз керек..
Сұрақ: Сәлеметсіз бе? Мен осы колледждің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығының студентімін. Сұрайын дегенім, дене тәрбиесі және спорт мамандығына ауысуыма бола ма? .

Ответ: Сәлеметсізбе! Сіздің сұрағыңыз бойынша пән айырмашылығы 4-еуден аспаса «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінен «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігіне ауысуға болады..
Сұрақ: Саламатсыз ба, Каныбек Абдибекович! Алдағы жылы менің қарындасым 9 сыныпты бітіргелі отыр. Бітірген соң колледжге түсуді жоспарлауда. Соған сәйкес алдағы жылы Сіздің колледжде қандай мамандықтар ашылу жоспарлануда. Алдын ала рахмет. .

Ответ: Сәлеметсізбе! Алдағы 2019-2020 оқу жылына Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі төмендегідей біліктіліктерге: 1. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі бойынша 2. 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша 3. 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы 0103023 «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша 4. 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша 5. 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы 0111083 «Шетел тілі пәнінің мұғалімі» біліктіліктері бойынша құжаттар қабылданады. .

Сұрақ қою: