Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Директордың оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары


Заместитель директора по учебно-методической работе

 

Жанбырова Гулжамал Султановна – директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы.


Жанбырова Гулжамал Султановна Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.


Гулжамал 2009ж. «Үшөлшемді әдістемелік жүйе», 2009ж. «Байтерек. және бағдарламалдары», 2011ж. «Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері», 2012ж. «Электронды портфолио дайындаудың әдістемелік негіздері», 2012ж. «Мәдени мұра» ұлттық жобасын іске асырудағы оқу-тәрбие үрдісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету», 2016ж. Астана қаласынан «Қ.Р педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын гуманитарлық колледждердің бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы» тақырыптарындағы облыстық, өңіраралық, республикалық деңгейлердегі білім сатысы оқуларынан өз білімін жетілдірген.


Ол облыстық тілші мұғалімдер олимпиадасының жеңімпазы, республикалық журналдарға бірнеше әдістемелік мақалалар жариялаған автор. Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен «Ең үздік әдістемелік қызмет-2012» байқауында Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің әдістемелік жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізгені үшін Маңғыстау облыстық білім басқармасы бастығының арнайы бұйрығымен алғыс жарияланған.