Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары

 

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде қазан айының 26,27-і күндері «Жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары ұйымдастырылып өтті. Семинар бағдарламасы аясында І бөлімде орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы С.Успанова орыс әдебиетінен «Жизнь и творчество М.Цветаевой», математика пәні оқытушысы Г.Ещанова «Логарифм.Ондық және натурал логарифм», педагогика пәні оқытушысы Б.Даулетова «Білімді тексеруге қойылатын талаптар» тақырыптарындағы ашық сабақтарын өткізді.

 

Тәлімгерлер семинарының ІІ бөлімінде колледж психологі А.Жұмағазина «Сабақ үрдісінде дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарды тиімді ұйымдастыру» тақырыбындағы баяндамасын оқыды. Отырысқа қатысушы тәлімгер оқытушылар мен жас мамандар баяндамадан соң баяндамада айтылған мәселелер бойынша сабақ үрдісінде дарынды балалардың ерекше қабілеттерін ескере отырып жұмыс жүргізу бойынша пікіралмасты. Дарындылық пен таланттылықты анықтау, оларды ажырата білу, дарындылықты одан әрі дамыту туралы айтты. Одан әрі семинар жұмысы колледж психологінің «Қарым-қатынас» атты тренингісіне ұласты. Бұл тренинг жас мамандар мен оларға тағайындалған тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында жүргізілді.

 

Семинар қорытындысында жас мамандар семинарды ұйымдастырушы әдіскерлер мен тәлімгер оқытушыларға шексіз ризашылығын білдірді.

«Жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары
«Жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары
«Жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары
«Жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары
«Жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары
«Жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары
«Жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары
«Жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары «Жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары