Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы

«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы

 

2016 жылдың қазан айының 17-22 күндері аралығында Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Мені қызықтырған әлем» тақырыбында информатика пәні апталығы болып өтті.


Колледж студенттері үшін ұйымдаcтырылған апталықтың негізгі мақсаты – апталыққа мүмкіндігінше колледждің барлық студенттерін белсенді қатыстыру, студенттердің ойлау қабілетін арттыру мен ақпараттық құзыреттілігін жетілдіру, информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Апталық бағдарламасына сәйкес көптеген іс-шаралар болып өтті.


17 қазан күні «Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығының ашылу салтанаты болды. ИнБ-93 тобы студенттері дайындаған бағдарламада қызықты мәліметтер мен деректер таныстырылып, информатика ғылымына байланысты өлең шумақтар оқылды.


Сонымен қатар информатика пәнінің оқытушысы Қаржауова Базаргулдің «Ақпараттық- коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолдану» атты баяндамасы оқылды. Баяндамада қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына ыңғайлы ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісінде тиімді қолдану мәселелерін қарастырып, оны пайдаланудағы оң нәтижелері көрсетілді.


19 қазан күні информатика пәнінің оқытушысы Икенова Жанаттың ұйымдастыруымен «Білгірлер отауы» интеллектуалдық сайысы болып өтті. Мақсаты - студенттердің пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, информатика ғылымы бойынша білімдерін тереңдету, студенттердің логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту, топпен жұмыстануға үйрету. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: деректер, дәлелдер, бедерлер, жеделдер. Сайысқа колледждің 1-курс студенттері атсалысты. Сайыс қорытындысы бойынша ТжБ-31 тобы студенті жеңімпаз деп танылды.
20 қазан күні «Жас информатик – 2016» сайысы болып өтті. Ұйымдастырушы информатика пәнінің оқытушысы – Жаулиева Гульмира. Сайыстың мақсаты: студенттерге 21 ғасыр жаңа технология ғасыры болғандықтан ақпараттандыру жолдарын үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыра отырып, студенттер арасынан ең үздігін анықтау. Сайысқа «Информатика пәнінен бастауыш сынып мұғалімі» мамандығының 3,4-курс студенттері қатысты. «Паскаль», «Делфи» атты 2 топқа бөлініп, өз белсенділіктерін көрсетті. Сайыс 5 кезеңнен тұрды: таныстыру, бәйге, адасқан әріптер, есептер сыры, капитандар сайысы. Сайыс қорытындысы бойынша «Паскаль» тобы жеңіске жетіп, естелік сыйлықтармен марапатталды.
21 қазан күні директордың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі орынбасары Жұмағұлова Ақкенженің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» атты видеороликтер сайысы болып өтті. Сайыстың негізгі мақсаты: салауатты өмір салтын ұстануға жастарды тәрбиелеу, баулу. Видеороликтер сайысына колледжіміздің барлық студенттері қатысу мүмкіндігін алды. Видеороликтер сайысының қорытындысы бойынша ИнБ-93 тобының студенттері дайындаған видеоролик үздік деп танылды.


21 қазан күні информатика пәнінің оқытушысы Махмутова Әсемгулдің бастамасымен «ЭКСПО-2017» техникалық жобалар көрмесі өтті. Көрменің негізгі мақсаты: студенттердің ойлау қабілеті мен ақпараттық сауаттылығын арттыру. Көрмеде колледж студенттері өз қолдарымен әзірлеген қазіргі заманға сай техникалар көрсетіліп, таныстырылып үздігі анықталды.


22 қазан күні «Мені қызықтырған әлем» апталығының қорытынды кеші өтті. Информатика пәнінің оқытушысы Аюпова Назымның ұйымдастыруымен өткен бұл шарада ИнБ-84, ИнБ-93 топтары студенттері қатысты. Кеш барысында түрлі әндер айтылып, көріністер қойылып, студенттердің компьютерге қатысты частушкаларымен жалғасты.

«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы
«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы
«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы
«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы
«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы
«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы
«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы
«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы
«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы
«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы
«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы
«Мені қызықтырған әлем» атты информатика апталығы