Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Гуманитарлық білім беруде заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру »

 

Гуманитарлық пәндік циклдік комиссиясында гуманитарлық пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру, тиімді оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын,соның ішінде модульдік технологияның тәсілдерін үйрену,оны ұтымды пайдалана білу, сапалы сабақ үрдісін ұйымдастыру, пән оқытушыларының өзара тәжірибе алмасу мақсатында қараша айының 17-19 күндері аралығында «Гуманитарлық білім беруде заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру» тақырыбында әдістемелік күндер өткізілді.17.11.күні сағат 9-00-де әдістемелік күндердің ашылу рәсімі өткізіліп, ГПЦК-cы жетекшісі А.Сарбалаева семинардың мақсаты, бағдарламасымен таныстырды.

17.11.күні тарих пәні оқытушысы М.Бекқали құқық негіздері пәнінен «Сайлау құқығы» тарауы бойынша сот сабағын көрсетті.17.11.күні шет тілі пәні оқытушысы А.Ахметова кәсіптік шет тілі пәнінен «Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары» тарауы бойынша «Бірін-бірі үйрету» сабағын өткізді.17.11.күні орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы М.Джумамуратов «Современный русский язык» пәнінен «Имя прилагательное» тарауы бойынша «Путешествие по Астане» тақырыбындағы ойын сабағын өткізді.17.11.күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.Серкешбаева қазақ әдебиеті пәнінен «30-60 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу» тарауы бойынша конференция сабағын өткізді.18.11.күні тарих пәні оқытушысы Э.Қосшыбекова мәдениеттану пәнінен «Қазақстанның ХІХ-ХХ ғасырлардағы мәдениеті»тарауы бойынша «Бақытты сәт» ойын сабағын өткізді. 18.11. күні шет тілі пәнінен «Бұқаралық ақпарат құралдары» тарауы бойынша «Брейн-ринг» ойын сабағын шет тілі пәні оқытушысы Г.Мукашова өткізді. 18.11.күні Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақ мемлекетінің қалыптасу жүйесі» тарауы бойынша «Білімдарлар» сайысын тарих пәні оқытушысы Г.Рзабаева өткізді.

19.11. күні қазақ әдебиеті пәнінен «Әнші-сазгер,ақындар шығармашылығы.Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы » тарауы бойынша кіріспе сабағын оқытушы А.Сарбалаева өткізді. 19.11. күні география пәнінен МтБ-91 тобында «Ғылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылық» тарауы бойынша «Жарыс» ойын сабағын география пәні оқытушысы А.Сарбалаева өткізді. 19.11.күні сағат 16-50-де цикл жетекшісі дөңгелек үстел ұйымдастырып, шет тілі пәні оқытушысы Г.Сегізбаеваның «Модульдік оқыту әдісін ағылшын тілі сабағында тиімді қолдану» ,М.Бекқалидың «Тарих сабағында модульдік оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі»,А.Сарбалаеваның «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда модульдік технология арқылы оқытудың тәжірибелік жолдары»,М.Джумамуратовтың «Использование модульного обучение на уроке русского языка» тақырыбындағы баяндамаларын тыңдады.Цикл мүшелері өткізілген ашық сабақтар туралы өз ойлары мен ұсыныс-пікірлерін айтты.Дөңгелек үстел колледж психологының тренингімен аяқталды.

«Гуманитарлық білім беруде заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру »
«Гуманитарлық білім беруде заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру »
«Гуманитарлық білім беруде заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру »
«Гуманитарлық білім беруде заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру »
«Гуманитарлық білім беруде заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру »