Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Білім берудегі жаңа педагогикалық технологияларын қолдану арқылы нәтижеге жету» тақырыбында өткізілген әдістемелік семинар

2016 жылдың желтоқсанның 12-сі мен 13-і күндері колледжімізде Педагогика, психология, өзін –өзі тану және эстетикалық пәндер циклі бойынша "Білім берудегі жаңа педагогикалық технологияларын қолдану арқылы нәтижеге жету" атты екі күндік Әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинардың ашылуында цикл жетекшісі Б.Даулетова Әдістемелік семинар жоспары және бағдарламасымен оқытушыларды таныстырып, директордың ғылыми әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Жаңбырова семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинар барысында колледждің музыка пәні оқытушысы Б.Қалышеваның «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4 курс студенттеріне балалардың есте сақтау қабілеті мен дауыс мүмкіншілігін дамыту, дыбыс шығару, дикция, тыныс алу, интонацияның тазалығы, балалардың ән салу мәдениетін қалыптастыру, музыкалық қабілетін дамыту мақсатында Музыка пәнінен өткізілген «Хормен ән айту. Ұжымдық орындаушылық іс –әрекеттің негізгі түрі» тақырыбындағы сабағы, оқытушы Л.Хыдырбаеваның Педагогика пәнінен білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптерін түсіндіру, студенттердің ойлау қабілетін зейінін пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға баулу мақсатында «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының 2 курс студенттеріне өткізілген «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі» тақырыбындағы ашық сабағы, оқытушы А.Жұмағазина психология пәнінен «Қарым –қатынас туралы жалпы ұғым» тақырыбындағы сабағы мен оқытушы Б.Алдабергенованың бейнелеу пәнінен «Акварель жұмыстарының техникасы мен түстері туралы мәлімет» тақырыбында өткізген сабақтары өте жоғары деңгейде өткізілді.

Семинар қортындысында цикл жетекшісі Б.Даулетова «Білім берудегі жаңа технологияның тиімділігі» тақырыбында баяндама жасады. ХХ ғасыр ғылым мен техниканың дамыған кезеңінде «Білім туралы» Заңда білім жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау:оқытудың жаңа технологияларын енгізу,оны тиімді пайдалану. Интерактивті тақталармен жұмыс жасау, Шаталовтың тірек сызба технологиясын әр сабақта пайдалану оқытушы мен студент үшін өте тиімді екені аталып көрсетілді. Семинар соңында екі күнде берілген ашық сабақтар талданып, жасалған баяндамаға баға берілді.

Семинар соңында психолог А.Жұмағазина психологиялық тренингпен аяқтады.