Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Жалпыұлттық құндылық-ел бірлігі»

 

«Жалпыұлттық құндылық-ел бірлігі» Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған облыстық Жастар форумында «25 жылдыққа 25 шара» жетістіктер шеруіне «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенті Ермуханова Айман «WorIdskills Kazakstan» кәсіптік шеберлік Ұлттық чемпионатының облыстық кезеңінде ІІ орын иеленгені үшін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиеваның Алғысымен және жетекшісі Даулетова Бұрыш Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағының дамуына жалынды жігер танытып, техникалық және кәсіптік білімнің дамуына атсалысып, еліміздің өркендеуіне үлес қосқаны үшін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиеваның Алғысымен марапатталды. Осы форум аясында Тәуелсіз елдің ұрпақтары» шығармашылық жұмыстар көрмесі номинациясы бойынша Сәдуова Гулнара «Байпақ, Қоржын», Кежегалиева Лаура «Сәуеле, Белдік», Кулчабаев Куаныш «Бәйтерек», Төкенова Асия «Мәңгілік ел -мұратым» атты жұмыстарын жіберіп белсенді қатысқаны бойынша, Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағының дамуына жалынды жігер танытып, техникалық және кәсіптік білімінің дамуына атсалысып, еліміздің өркендеуіне үлес қосқаны үшін колледж оқытушылары Ещанова Гулбану Қаратқызы және Жаңбырова Гүлжамал Сұлтанқызы Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті директорының міндетін атқарушысы К.Джантекееваның Алғыс хатымен марапатталды.

«Жалпыұлттық құндылық-ел бірлігі»
«Жалпыұлттық құндылық-ел бірлігі»
«Жалпыұлттық құндылық-ел бірлігі»