Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Үздік ПЦК-2017» байқауы

 

2017 жылдың 21 қаңтар күні Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Үздік ПЦК-2017» байқауы болып өтті.
Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беруді дамыту мен жетілдіру, жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу арқылы оқытудың тиімділігін арттыру, жоғары әдістемелік деңгейде шығармашылықпен жұмыс істейтін ПЦК-ларды анықтау, қолдау көрсету және ПЦК ішіндегі озат педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мен тарату.


Байқауға қатысушы ПЦК-лардың әдістемелік қызметтегі жетістіктері 10 бағыт бойынша бағаланды. Колледжде жұмыс жасайтын пәндік циклдік комиссиялар жетекшілері озат педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, тарату және педагог қызметкерлер тарапынан оқу-әдістемелік кешендердің, авторлық бағдарламалардың, әдістемелік құралдардың әзірленуі, педагогтардың және студенттердің жетістіктері, педагог кадрлардың біліктілік арттыру курстарынан білім жетілдіруі мен кері байланыс жұмыстары, оқу үрдісіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу, студенттердің білім сапасы, мамандықтарға сәйкес бітіруші курс студенттерінің білімін тәуелсіз бағалау нәтижесі, ПЦК-ның бұқаралық ақпараттық құралдары және ғаламтор желісі арқылы жүзеге асырылған жұмыстары бойынша презентация жасады.


Байқау нәтижесінде гуманитарлық ПЦК-сы жұмыстары І орынға, жаратылыстану ПЦК-сы жұмыстары ІІ орынға, педагогика,психология және эстетикалық ПЦК-сы жұмыстары ІІІ орынға лайық деп табылып, ПЦК жетекшілері Сарбалаева Аксауле Усенгалиева, Мектепова Лиза Ермекбаевна, Даулетова Бурыш Байдашовналар арнайы дипломдармен марапатталды.

«Үздік ПЦК-2017» байқауы
«Үздік ПЦК-2017» байқауы
«Үздік ПЦК-2017» байқауы
«Үздік ПЦК-2017» байқауы
«Үздік ПЦК-2017» байқауы