Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Мамандықтар шеруі - 2016» байқауы

 

Студенттердің Ғылыми Қоғамының жұмыс жоспарына сәйкес колледж директорының бұйрығымен арнайы бағдарлама жасақталып, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде студент жастардың колледж өмірінің түрлі салаларын дамытуға қатысуы мен рөлін арттыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық мәнге ие кәсіптік бағдар қызметіне тарту, студенттердің ұжымдық жауапкершілік сезімін бекіту және қалыптастыра отырып, мұғалім мамандығының беделін арттыру мақсатында 2016 жылдың желтоқсан айының 27-28-і күндері колледжішілік «Мамандықтар шеруі - 2016» байқауы өткізілді. Байқауға колледжімізде оқытылатын жеті мамандық бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Математика мұғалімі», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі», «Тәрбие жұмысын ұйымдастырушы», «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі», « Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандықтар бойынша 1-4 курс студенттері қатысты.


«Мамандықтар шеруі - 2016» байқауының соңында әділқазылар алқасы шешімімен марапатталған топтар: «Математика мұғалімі» тобы командасы – 1 орын, «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі» тобы командасы – 2 орын,«Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» командасы 3- орын, «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» тобы командасы - «Үздік шығармашыл топ» номинациясы, «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі» тобы командасы – «Ең үздік сабақ» номинациясы, « Бастауыш білім берудің мұғалімі» тобы командасы – «Үздік жоба» номинацияларымен марапатталды. Байқау өз дәрежесінен жоғары деңгейде өткізілді. Бұл байқау студенттерге үлкен тәжірибе және өз мамандықтарын толық игергенінің далелі болды.

«Мамандықтар шеруі - 2016» байқауы
«Мамандықтар шеруі - 2016» байқауы
«Мамандықтар шеруі - 2016» байқауы
«Мамандықтар шеруі - 2016» байқауы
«Мамандықтар шеруі - 2016» байқауы
«Мамандықтар шеруі - 2016» байқауы
«Мамандықтар шеруі - 2016» байқауы