Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Кәсіби білім беру сапасын арттыруда жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологияларын пайдалану тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум

10.02.2017ж күні Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде Маңғыстау облысының білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Кәсіби білім беру сапасын арттыруда жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологияларын пайдалану тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикум 2016-2017 оқу жылында аттестаттаудан өтетін оқытушылардың шығармашылық сабақтарын талдау, инновациялық және ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін арттыру, гуманитарлық колледждердің бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсы бойынша кері байланысты жүзеге асыру, білікті мамандардың тәжірибе алмасуы және талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар-практикум бағдарламасы бойынша жоғары санатты математика пәнінің оқытушысы Кайралапов С.У математикалық талдау пәнінен «Математика мұғалімі» мамандығының 3-курс студенттеріне «Дәрежелік, көрсеткіштік, логарифмдік, тригонометриялық функциялардың туындысы», І санатты дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Нуримов Б.Е дене тәрбиесінен «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі» мамандығының 1-курс студенттеріне «Допты ойынға қосу, әріптесіне беру, қабылдау түрлері» тақырыптарында ашық сабақ өткізді. Астана қаласынан гуманитарлық колледждердің бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсын аяқтаған колледж оқытушылары курс бойынша кері байланыс жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Өзін-өзі тану пәнінен «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының 2-курс студенті І санатты өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Кулекенова А.Ж «Өнеге отбасынан басталады» атты ашық сабақ, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Жанбырова Г.С «Диалогтік оқыту дегеніміз не? Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі» тақырыбында шеберлік сынып, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Қадыр Т.С «Математика мұғалімі» мамандығының 2-курс студенттеріне «Мұны білген жөн...» тақырыбында тәрбие сағат өткізіп, І санатты физика пәнінің оқытушысы Мектепова Л.Е «Оқыту процесін жетілдірудегі 7 модульді енгізудің қажеттілігі» тақырыбында баяндама оқыды.