Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі

 

Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінде ақпан айының 2-13 аралығында «Өзін – өзі тану»: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі болып өтті. Онкүндік өту барысында арнайы жоспар құрылып, сол бойынша шаралар өтті.


Ақпанның 2-сі күні «Өзін – өзі тану»: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Бұл онкүндікті өткізудегі мақсат: студенттердің өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту, өмірдің адам үшін маңыздылығын жан – жақты ашу, өзін – өзі танып, өмірдің мәнін түсінуге, өмірге құштарлығын дамыту. Адам өмірінде кездесетін махаббаттың әр түрлі болатындығын ұғындыру және адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз – өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым – қатынасты қалыптастыру.


Ақпанның 3-і күні Сара Алпысқызының игі істері туралы «Мейірім шашқан жүрегі» тақырыбында студенттерге видеороликтер көрсетілді.
Ақпанның 4-жұлдызында «Бар баланың анасындай» тақырыбында баяндама оқылды. Баяндамада студенттерге Сара Алпысқызының өмір жолы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін, руханияттық жаңа қадам болатын – «Өзін – өзі тану» жобасының авторы, «Бөбек» қайырымдылық қорының даму кезеңдері туралы мағлұматтар берілді.


Ақпанның 6-сы күні 1-2-курс студенттерінің қатысуымен «Махаббатсыз дүние бос...» тақырыбында көрме өткізілді.
Ақпанның 7-сі күні «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» тақырыбында көркем сөз оқу байқауы өткізілді.


Ақпанның 8-і күні колледжде «Қайырымдылық керуені» атты акция ұйымдастырылды, акцияға колледж оқытушылары белсенділік таныта отырып қатысты. Жиналған қаржыға колледжіміздегі аз қамтылған отбасы балаларына және жартылай жетім балаларға қыстық киімдер алынып табысталды. Әлеуметтік педагог А.Қайранова жеке кәсіпкерлермен кездесіп солардың демеушілігімен 7 студентке қыстық киімдермен көмектесті.
Ақпанның 9-ы күні «Бүгінгі жастар бойында мейірімділік бар ма?» тақырыбында дебат өткізілді. Дебатты өткізудегі мақсат тақырып негізінде сайысқа қатысушы студенттерден мәлімет жинау. Өз ойын ортаға салу, пікірталас арқылы білімін толықтыру, өз ойын еркін, мәдениетті, әдеби тілде жеткізе алуға баулу. Адамның бойындағы ұнамды - ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, студенттерді адалдық пен мейірімділікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым – қатынас дағдыларын жасауға баулу. Дебатта «Адамгершілік» және «Ақиқат» топтары қатысып, өз пікірлерін білдірді. Нәтижесінде «Ақиқат» тобы жеңіске жетіп, Қалбаева Гүлмира «Үздік спикер» атанды.


Ақпанның 10-ы күні колледж психологімен бірлесе «Өмірге деген құштарлық» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында студенттерге қиындықтардың өмірде кездесетіндігін, сол қиындықтарды жеңе білу әр студент қолында екені айтылып, кеңестер де беріліп өтті. Соңында «Мен өмірді қолдаймын» деген жазуы бар плакатқа қатысушылыр қолдарын бастырып, өз аттарын жазады. Тренингке студенттер белсене қатысты.
Ақпанның 11-і күні «Өнеге отбасынан басталады» тақырыбында топтарда тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл тәрбие сағаттарды өткізудегі мақсат бала тәрбиесіндегі ата-ананың орны ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Ата – анадан алған үлгі, өнеге, тәрбиесін әр бала ер жетіп өзі отбасын құрған шақта өз жанұясында қолданатындығы айтыла келе тәрбие сағаттар соңында «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» деп қорытынды жасалып аяқталды.


Онкүндіктің соңғы күні ақпанның 13 жұлдызы күні «Барлығы да махаббаттан басталады» атты ән байқауы өткізіліп, колледжің 1-2 курс студенттері арасынан өнерпаз студенттер белсенділікпен қатысты. «Өзін – өзі тану»: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің студенттер арасында өткізілуі үлкен мәнге ие болды. Эстетикалық талғамға сай өткен әрбір шара студенттер үшін тәрбиелік мәні бар, маңызды болды.

«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  атты дәстүрлі онкүндігі
«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  атты дәстүрлі онкүндігі
«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  атты дәстүрлі онкүндігі
«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  атты дәстүрлі онкүндігі
«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  атты дәстүрлі онкүндігі
«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  атты дәстүрлі онкүндігі
«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  атты дәстүрлі онкүндігі
«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  атты дәстүрлі онкүндігі