Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

VIIІ колледжішілік «Жас маман-2017» байқауы

 

Бейнеу гуманитарлық- экономикалық колледжінде білім саласында еңбек етіп жатқан ізденімпаз жас мамандарды анықтау, келешек еңбек жолдарында табысты, шығармашылық еңбек ету үшін өзара тәжірибе алмасуларын жүзеге асыру мақсатында «Жас маман-2017» байқауы болып өтті. Байқауға еңбек өтілі 3 жылдан аспаған жас мамандар қатысты.

 

 

Олар:

  1. Қайранова Ақжайық -педагогика және психология пәнінің оқытушысы
  2. Жолаева Ғайни- педагогика және психология пәнінің оқытушысы
  3. Гарабаев Тажен -Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы
  4. Дүзбаева Айнур -Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
  5. Жандовлетова Шынарай -педагогика және психология пәнінің оқытушысы

 

Сайыс 2 кезеңнен тұрды:

І кезең ашық сабақтар

Педагогика және психология пәнінің оқытушысы Қайранова Ақжайық педагогика пәнінен «Дидактика туралы ұғым» атты ашық сабағын, педагогика және психология пәнінің оқытушысы Жолаева Ғайни «Тіршіліктің негізі салауатты болашақ» атты тәрбие сағатын, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Гарабаев Тәжен алғашқы әскери дайындық пәнінен «Автоматпен атысты жүргізу, атысты тоқтату» тақырыбында ашық сабақ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Дүзбаева Айнур орыс тілі пәнінен «Имя прилагательное» Брейн –ринг ойынын, Педагогика және психология пәнінің оқытушысы Жандовлетова Шынарай психология пәнінен «Ерте балалық шақ» тақырыбында ашық сабақтарын болып өтті.Сонымен қатар жас мамандар 30 сұрақтан тұратын тест тапсырып өтті.

 

ІІ кезең
І. Өзін-өзі таныстыру (7 минут)

Жас мамандар өздерін таныстырып өтті.

ІІ. Педагогикалық, психологиялық ситуациялар шешу (1 минут)

Бұл кезеңде жас мамандар педагогикалық, психологиялық ситуацияларға ойланбастан жауап берді.

ІІІ. « Өнерлінің өрісі кең» өнер сайысы (5-10 минут)

Өнер сайысында жас мамандар өздерінің өнерлерін ортаға салды.

Байқау қорытындысы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Дүзбаева Айнур І орынды, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Гарабаев Тәжен ІІ орынды, педагогика және психология пәнінің оқытушысы Жолаева Ғайни ІІІ орынды, Педагогика және психология пәнінің оқытушысы Қайранова Ақжайық «Шығармашыл ұстаз» номинациясын, Педагогика және психология пәнінің оқытушысы Жандовлетова Шынарай «Ізденімпаз ұстаз» номинациясын иеленді.

VIIІ колледжішілік «Жас маман-2017» байқауы
VIIІ колледжішілік «Жас маман-2017» байқауы