Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«WorldSkills Kazakhstan»

 

2017 жылдың 22-24 ақпан күндері облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері мен 18-22 жастағы жастар арасында 24 құзіреттілік бойынша кәсіптік шеберліктің «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңі болып өтті. Аталмыш чемпионатқа Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледждің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенті Н.Абдирахманова мен 4-курс студенті Ж.Оразымбетова «Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттілігі бойынша қатысты. 3 күнге жоспарланған чемпионаттың салтанатты ашылуы «Хан Шахар» салтанат сарайында, салтанатты жабылуы М.Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ал чемпионаттың негізгі бөлімі құзіреттіліктерге сәйкес әр түрлі алаңдарда ұйымдастырылды. «Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттілігі бойынша чемпионат №32 «Ақ шағала» балабақшасы базасында өткізілді. Бұл құзіреттілік бойынша чемпионат жұмысына Маңғыстау облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының директоры Еламанова Сұлу Жайбергеновна ұйымдастырушылық және бас сарапшылық қызмет атқарды. «Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттілігі бойынша чемпионат 6 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде қатысушылар өздерін таныстырып, түйіндеме әзірледі, 2-кезеңде балабақша тәрбиеленушілерімен қимыл-қозғалыс ойындарын жүргізді, 3-кезеңде баламен бірлесіп қойылым дайындап, оны қуыршақ театры, үстел үсті театры, сахналық қойылым түрлерінде орындап шықты, 4-кезеңде қазақ, орыс, ағылшын ертегілерін мәнерлеп оқыды, 5-кезеңде тәрбиешінің ата-анамен және баламен бірлескен жобасын әзірлеп қорғады, 6-кезеңде «городец» өрнегін гуашпен қағазға орындап, оның салыну әдістемесін баяндады. Барлық қатысушылар тапсырмаларды мүдірмей орындап шықты. Н.Абдирахманованың «Алдаркөсенің сиқырлы тоны» атты қазақ ертегісін нақышына келтіре мәнерлеп оқуы мен Ж.Оразымбетованың «Шежіре» балабақшасы» жобасы қатысушылар мен сарапшылардың ерекше қызығушылығын туғызып, зор ықыласқа ие болды.

 

Ұлттық чемпионат нәтижесі чемпионаттың салтанатты жабылуында жарияланды. Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінен «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңіне қатысушы Н.Абдирахманова (жетекшісі – Б.Алдабергенова, З.Қадырбаева) күміс медалмен және арнайы дипломмен марапатталса, Ж.Оразымбетова (жетекшісі – А.Жұмағазина) «Үздік жоба» номинациясымен марапатталды. Жеңімпаз студенттерді Бейнеу гуманитарлық-экономикалық ұжымы атынан құттықтай отырып, әрдайым биіктерден көріне берулерін тілейміз.

«WorldSkills Kazakhstan»
«WorldSkills Kazakhstan»
«WorldSkills Kazakhstan»
«WorldSkills Kazakhstan»
«WorldSkills Kazakhstan»
«WorldSkills Kazakhstan»
«WorldSkills Kazakhstan»
«WorldSkills Kazakhstan»