Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Жұлдызды дода»

 

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде наурыз айының 4-ші жұлдызында студенттердің бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жастар ұйымының ұйымдастыруымен атты байқау өтті.


Байқауға «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 1 курс студенті Жолдасова Динара, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 2 курс студенті Баймұханова Замира, «Математика мұғалімі» мамандығының 1 курс студенті Қалдыбеков Нұрдәулет, «Математика мұғалімі» мамандығының 3 курс студенті Жалмұханова Эльвира, «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығының 1 курс студенті Дәрменов Атақоныс, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 1 курс студенті Тәжіков Қуанышбек қатысты.


Байқауға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сазанбаева Ағила Асанқызы, директордың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі орынбасары Жұмағұлова Ақкенже Байтөреқызы, директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Жаңбырова Гүлжамал Сұлтанқызы төрелік етті. Студенттер 3 кезең Әнді сүйсең, менше сүй (жанды дауыста ән айту), Ән жұмбақ (жасырылған әннің атауы мен орындаушысын табу), Өнерлінің өрісі кең (әншілерге пародия салу) бойынша сынға түсті.


Аталған кезеңдер бойынша сынға түскен студенттер мынадай орындарға ие болып, арнайы сыйлық пен дипломдармен марапатталды:
Бас жүлде – «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығының студенті Дәрменов Атақоныс
І-орын – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенті Жолдасова Динара
ІІ-орын – «Математика мұғалімі» мамандығының студенті Қалдыбеков Нұрдәулет,
ІІІ-орын – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» студенті Баймұханова Замира
«Жас талант» номинациясымен «Математика мұғалімі» мамандығының студенті Жалмұханова Эльвира
«Жұлдызды дода» байқауы өте тартысты өтті. Көрермендерге көңілді әрі әсерлі кеш сыйлады.

«Жұлдызды дода»
«Жұлдызды дода»
«Жұлдызды дода»
«Жұлдызды дода»
«Жұлдызды дода»
«Жұлдызды дода»
«Жұлдызды дода»
«Жұлдызды дода»