Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Қыз ұлт болашағы»

 

6.03.2017 жылы Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында «Қыз ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауы өткізілді. Байқауға «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 2 курс студенті Мизамбаева Ақмарал, «Математика мұғалімі» біліктілігінің 2 курс студенті Айтбаева Асия,  «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігінің 2 курс студенті Қашкынбаева Сымбат, «Математика мұғалімі» біліктілігінің 1 курс студенті Тасқынбаева Айгерім, «Ұйымдастырушы -педагог» біліктілігінің 1 курс студенті Исаева Балмекен, «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі» біліктілігінің 1 курс студенті Мұғзи Айнұр, «Мектепке дейінгі ұйымдастырудың тәрбиешісі» біліктілігінің 1 курс студенті Жолдасова Динаралар қатысты. Қатысушылар барлық кезеңде жақсы өнер көрсетіп, өздерінің көрсеткен өнерлеріне байланысты жүлделі орындарға ие болды. Колледж аруында Бас жүлдені «Мектепке дейінгі ұйымдастырудың тәрбиешісі» біліктілігінің студенті Қашкынбаева Сымбат иеленсе, І орынға «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің студенті Мизамбаева Ақмарал, ІІ орынға «Математика мұғалімі» біліктілігінің студенті Айтбаева Асия мен «Мектепке дейінгі ұйымдастырудың тәрбиешісі» біліктілігінің студенті Жолдасова Динара, ІІІ орынға«Математика мұғалімі» біліктілігінің студенті Тасқынбаева Айгерім, «Ұйымдастырушы -педагог» біліктілігінің студенті Исаева Балмекен, «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі» біліктілігінің студенті Мұғзи Айнұр сынды арулар ие болды.

«Қыз ұлт болашағы»
«Қыз ұлт болашағы»
«Қыз ұлт болашағы»
«Қыз ұлт болашағы»
«Қыз ұлт болашағы»
«Қыз ұлт болашағы»
«Қыз ұлт болашағы»
«Қыз ұлт болашағы»
«Қыз ұлт болашағы»
«Қыз ұлт болашағы»