Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Ғылыми жұмыс

 

26  наурыз күні  Қазақстан Республикасы Кіші ғылым  Академиясының XVII-ші Облыстық ғылыми- тәжірибелік  конференциясына  Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінен студенттер қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Математика» секциясы бойынша «Математика мұғалімі» мамандығының 4-курс студенті  Имашова Зайда (жетекшісі математика пәнінің оқытушысы Айгерим Калдаулетова)  «Квадраттық теңдеулер  есептерін шешудің негізгі әдістері» тақырыбында ғылыми жұмыс қорғап  І орын, «Ағылшын тілі» секциясы бойынша «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығының 2 курс студенті  Сапарбаева Жұлдыз (жетекшісі  ағылшын тілінің оқытушысы Гулназ Сегізбаева ) «Ағылшын тілінде бұрыс етістіктерді оңай үйренудің тәсілдері» тақырыбында ғылыми жұмыс қорғап ІІ орын, «Информатика» секциясы бойынша  «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығының 2-курс студенті Айнашов Амандық (жетекшісі информатика пәнінің оқытушысы Гульмира Жаулиева)  «DELPHI 7 бағдарламасының мүмкіндіктерін оқу үрдісінде тиімді пайдалану» тақырыбында ғылыми жұмыс қорғап сертификат, «Бастауыш сыныпта информатика мұғалімі» мамандығының  4-курс  студенті Тұрғанбаев Нұрсұлтан  (жетекшісі информатика пәнінің оқытушысы  Базаргул Қаржауова, Назым Аюпова) «Информатика пәнінен 5 сынып оқулығына арналған әдістемелік көмекші құрал»  тақырыбында ғылыми жұмыс қорғап сертификат,  «Физика» секциясы бойынша «Математика мұғалімі» мамандығының 2-курс студенті  Жангылбаева Рая  (жетекшісі физика пәнінің оқытушысы Лиза Мектепова) «Жел энергиясын пайдалану мәселелері»  тақырыбында ғылыми жұмыс қорғап  Сертификат, «Информатика» секциясы бойынша  «Бастауыш сыныпта информатика мұғалімі» мамандығының  4-курс  студенті Оңайбай Айжан  (жетекшісі информатика пәнінің оқытушысы   Махмутова Асемгул)  «MATHCAD ортасында политехникалық пәндер бойынша есептер шығаруды ұйымдастыру» тақырыбында ғылыми жұмыс қорғап  сертификатқа иеленді.

Ғылыми жұмыс
Ғылыми жұмыс