Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Ең белсенді АКТ- мұғалімі»

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» -делінген.

 

Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында студентке білім,білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни, жан-жақты, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ал ақпаратты технологияны терең меңгерген, бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру кезек күттірмейтін мәселе.

 

Жуырда Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде колледж директорының ақпараттық – коммуникациялық технологиялар жөніндегі орынбасары А.Жумагулованың ұйымдастыруымен ақпараттық білім беру кеңістігінің дамуына ықпал ету, білім беру процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды, жобаларды енгізу тәжірибесімен, әдістерімен бөлісу, оқу-тәрбие процесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды тиімді қолданудың озық тәжірибесін тарату, оқытушылардың кәсіби қызметінде АКТ-ны қолданудағы шеберлігін жетілдіру мақсатында «Ең белсенді АКТ- мұғалімі» колледжішілік байқауы болып өтті. Байқау шарты екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңінде байқауға қатысушы оқытушы өзінің іс-тәжірибесі бойынша дайындаған портфолиосын ұсынса, екінші кезеңінде бір сабағының жобасын понорамалық түрде қорғады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Байқауда колледж оқытушылары белсенділік танытты. Атап айтар болсақ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Дүзбаева «Фразеология русского языка» , шетел тілі пәнінің оқытушылары А.Ахметова «Education» және А.Ниярова «London is the capital Great Britain. Sightseeing Modal Verbs», тарих пәнінің оқытушысы Г.Рзабаева «Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Серкешбаева «Ш.Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылық жолы», математика пәнінің оқытушысы А.Қалдаулетова «Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері», биология пәнінің оқытушысы Қ.Дүйсенбаева «Қан, оның құрамы. Қан топтары. Қан құю» , информатика пәнінің оқытушылары К.Хожабаева «Macromedia Flash бағдарламасы. Қозғалыс анимациясы» және Ж.Икенова «Қайталау операторлары», дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Б.Демеуов «Спорттық ойындар» және Б.Каракулов «Ұлттық спорт ойындары», технология пәнінің оқытушысы Б.Алдабергенова «Қағаз икемділігі», педогогика және психология пәнінің оқытушылары А.Жумагазина «Ерте балалық шақ», А.Кулекенова «Темперамент туралы ұғым» тақырыптарында өз сабақтарын жоғары деңгейде қорғап шықты.

 

Байқау нәтижесінде оқытушыларымыз біраз марапаттарға ие болды. Математика пәнінің оқытушысы А.Қалдаулетова бас жүлдеге ие болса , педогогика және психология пәнінің оқытушысы А.Жумагазина – І орын; шетел тілі пәнінің оқытушысы А.Ахметова – ІІ орын; тарих пәнінің оқытушысы Г.Рзабаева– ІІ орын; орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Дүзбаева-ІІІ орын; информатика пәнінің оқытушысы Ж.Икенова– ІІІ орын; педогогика және психология пәнінің оқытушысы–А.Кулекенова ІІІ орын; шетел тілі пәнінің оқытушысы А.Ниярова,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Серкешбаева, биология пәнінің оқытушысы Қ.Дүйсенбаева, информатика пәнінің оқытушысы К.Хожабаева, дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Б.Демеуов, дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Б.Каракулов, технология пәнінің оқытушысы Б.Алдабергенова – сертификаттармен марапатталды.

 

Қорытындылай келе, ұрпақ жүрегіне сапалы білім,саналы тәрбие беру жолында тер төгіп жүрген осындай әріптес ұстаздардың дендеріне саулық, еңбектеріне шығармашылық табыс тілеймін. Колледжімізде осындай игілікті шаралар өз жалғасын таба бермек!

«Ең белсенді АКТ- мұғалімі»
«Ең белсенді АКТ- мұғалімі»
«Ең белсенді АКТ- мұғалімі»
«Ең белсенді АКТ- мұғалімі»
«Ең белсенді АКТ- мұғалімі»
«Ең белсенді АКТ- мұғалімі»
«Ең белсенді АКТ- мұғалімі»
«Ең белсенді АКТ- мұғалімі»
«Ең белсенді АКТ- мұғалімі»