Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Ұстазым, менің ұстазым

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы демекші, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні мерекесі де аталып өтті. Колледжімізде қазан айының 7-сі күні аталмыш мерекеге орай «Ұстазым, менің ұстазым» атты мерекелік кеш өтіп, оған колледж студенттері белсене қатысты.


Кеш «Ұстазым» әнімен басталып, жүргізушілер сөзімен жалғасты. Алғашқы құттықтау сөз колледж директоры Қаныбек Абдибекұлына беріліп, колледж директоры өз сөзінде колледж оқытушыларын ұстаздар мерекесімен құттықтап, колледж ұстаздары Даулетова Бұрыш Байдашовнаны, Серкешбаева Айман Джумабаевнаны, Дүйсенбаева Қамқа Базарбаевнаны және Икенова Жанат Түркменбаевнаны колледждің іргелі оқу орны болып қалыптасуына орасан зор үлес қосып, түлектердің білімді де білікті маман болып шығуына сіңірген еңбегі үшін алғыс хат білдіріп, арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Одан әрі колледж студенттерінің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Кеш барысында колледж студенттері өз құттықтауларын өлең шумақтарымен, әсем әнмен жеткізіп, биші қыздарымыз мың бұрала би биледі. Мерекелік кеш өз деңгейінде өтті.

Ұстазым, менің ұстазым
Ұстазым, менің ұстазым
Ұстазым, менің ұстазым
Ұстазым, менің ұстазым
Ұстазым, менің ұстазым
Ұстазым, менің ұстазым
Ұстазым, менің ұстазым
Ұстазым, менің ұстазым
Ұстазым, менің ұстазым