Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Информатика-ғылымдар жетістігі»

2017 жылдың қазан айының 09-14 жұлдызы аралығында Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Информатика-ғылымдар жетістігі» атты информатика пән апталығы болып өтті.


Апталықтың мақсаты: колледж көлемінде ұйымдаcтырылған апталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігінше колледждің барлық студенттерін белсенді қатыстыру, студенттердің ойлау қабілеті мен ақпараттық қабілеттерін арттыру, информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Апталық барысында көптеген іс-шаралар болып өтті. Соның ішінде:
9 қазан күні «Информатика –ғылымның жетістігі» атты информатика апталығының ашылу салтанатымен бастау алды. Ашылу салтанаты колледждің информатика пәнінің оқытушысы Жаулиева Гульмираның сөзімен басталып ИнБ-94 тобы студенттерінің дайындаған бағдарламасымен жалғасты. Бағдарламада студенттердің информатика ғылымына байланысты өлең-шумақтары айтылды. Сонымен қатар информатика пәнінің оқытушысы Жұмағұлова Ақкенже Байтөреқызының «Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды пайдалану-заман талабы» атты баяндамасы оқылды. Баяндаманың мақсаты: ақпараттық жүйелер саласындағы заманауи технологияларды жетік меңгерген, үйлесімді дамыған, қоғам мен мемлекеттің талаптарына сай жоғары білімді азамат дайындау, жеке тұлғаны әлеуметтік және кәсіби ұтқырлыққа қабілетті, қоғам мен еңбек нарығында талап етілген кәсіби және әлеуметтік компетенцияларды меңгеруге бағыттау.


Баяндамада қазіргі заман талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесі, заманауи білім беру технологияларын оқу үрдісінде тиімді қолдану мәселелерін қарастырып, оны пайдаланудағы оң нәтижелерін көрсетті. Кеш соңында апталық бағдарламасы таныстырылды.


10 қазан күні информатика пәнінің оқытушысы Аюпова Назымның ұйымдастырған «Білгірлер сайысы» интеллектуалдық сайысы өтті. Мақсаты: студенттердің пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Студенттің логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығын мен іскерлігін дамыту, топпен жұмыстануға үйрету. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: деректер, дәлелдер, бедерлер, жеделдер. Сайысқа коллдеждің 1 курс студенттері ат салысыты. Әр кезеңнің өзіне сай бағалау саясаты жүргізілді. Сайыс қорытындысы бойынша МтБ-10-1 тобының студенті жеңіске жетті.


11 қазан күні информатика пәнінің оқытушысы Қаржауова Базаркулдің ұйымдастыруымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты: студенттерге нақты пәндер бойынша ой-өрісін, білімдерін кеңейту, тереңдету. Өз ойын ашық жеткізе білу, информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру, озық ойлылыққа тәрбиелеу. Сайысқа колледжіміздің 4 курс студенттері қатысып, белсенділіктерін көрсетті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: бәйге, көкпар, дода, жорға. Әр кезең бойынша әділ-қазылар алқасы бағалау саясаты сәйкес бағаларын беріп отырды. Сайыс қорытындысы бойынша МтБ-74 тобының студенті Берекет жеңіске жетті. 

 

12 қазан күні информатика пәнінің оқытушысы Икенова Жанаттың ұйымдастырумен «Озық ойлы студент» интеллектуалды ойыны болып өтті. Сайыстың мақсаты: студенттердің информатика ғылымына деген қызығушылығын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Бес бөлімнен тұрған бұл сайысқа 1 курс студенттерінен құралған «Блокнот», «Калькулятор», «Мәзір» топтары өзара сайысып. Нәтижесінде ДтБ-81 топ студенттерінен құралған «Калькулятор» тобы жеңіске жетті.


Сондай –ақ 13 қазан күні информатика пәнінің оқытушысы Махмутова Әсемгулдің бастамасымен «Компьютер БУМ ШОУ» атты іскерлік ойыны болып өтті. Мақсаты:студенттердің информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау. Сайыс мақсатына жетіп, студенттер мен оқытушылар жақсы әсер алды.


14 қазан күні «Информатика – ғылымдар жетістігі» апталығының қорытынды кеші өтті. Информатика пәнінің мұғалімі Жаулиева Гульмира бастаған ИнБ-94 және колледжіміздің І курс топ студенттері белсене қатысты. Информатика ғылымының жетістіктері туралы слайдпен басталған кеш барысында информатика ғылымында болған ғалымдар туралы ақпарат берілді, өлең шумақтары, ән айтылды. Кеш соңында көрермендер назарына ИнБ-94 тобының студенттерінің көрінісі ұсынылып кеш өз мәресіне жетті.

«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»
«Информатика-ғылымдар жетістігі»