Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Спорт- салауатты өмір тірегі!

2017 жылдың 27-29 қазан аралығында Ақтау қаласында  Маңғыстау-Арена спорттық клубының базасында  колледж оқушылары арасында  Отансүйгіштік тәрбиесін күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау, достық, ынтамақтастық байланыстарын нығайту, жастарды дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануға тарту, облыста жеңіл атлетиканы дамыту мақсатында  жеңіл атлетикадан  Президенттік  сынаманың 5 түрі бойынша жарыстар болып өтті.  Жарысқа 12 команда қатысты. Жарыс бағдарламасына 100 м, 200м, 400м, 800м, 1500м – ұлдар , қыздар арасында жүгіру қашықтығы; екпінмен ұзындыққа секіру; эстафета 4 х300 м енгізілді.  Жарысқа тікелей басшылық етіп колледжден дене шынықтыру және спорт пәнінің оқытушысы Тилепова Жанарға  жүктелді.  Бұл жарысқа колледжіміздің студенттері Республика көлемінде шығып жүрген спортшылармен сынға түсті.  Жеңіл атлетика ұзақтыққа жүгіруден (1500м -7.06,95сек) Имашова Жаңылсын І орынды иеленсе, Алпамысов Гасырбек ІІ орынды алды. Эстафеталық жарыста таяқша беруден 4х300 м Қалдыбеков Нұрдаулет, Алпамысов Гасырбек, Ниязбаев Қанат ІІІ орынды еншіледі. Жеңіл атлетика жарысындағы жүгіруден 800м  Дүйсенбаева Айдана ІІ орынға ие болса, қысқа қашықтықа жүгіруден Имашова Жаңылсын ІІІ орынды иеленді. Жүгіріп келіп секіруден Бердібаев Айтбай ІІІ орын иеленді.  

Спорт- салауатты өмір тірегі!
Спорт- салауатты өмір тірегі!
Спорт- салауатты өмір тірегі!
Спорт- салауатты өмір тірегі!