Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Әлемдік тілдердің құдіреттілігі мен байлығы

 

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде 2017 жылғы қарашаның 6 – 11-ші күндері «Әлемдік тілдердің құдіреттілігі мен байлығы» атты орыс тілі мен ағылшын тілдерінің пән апталығы өтіп жатыр. Осы апталықтың аясында шет тілі пәнінің оқытушысы Ниярова Айгерімнің ұйымдастыруымен қарашаның 7-сі күні «Ағылшын жазушыларының өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында студенттерге ағылшын классик жазушыларының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, олардың әлемдік тілге қызығушылығын ояту мақсатында әдеби кеш өтті. Әдеби кеш екі тілде өтіп, сахна тақырыпқа сай безендірілді. Кештің барысында ағылшынның Елизавета патшайымы мен Диана ханшайымы, Англия корольдігінің әйгілі суретшілері Герберт Джеймс Драпер мен Брус Манро құрметті қонақ ретінде қатысып, кештің өн бойында студенттердің ағылшын тілінде көрсеткен өнерлерін тамашалады. Атақты жазушы У.Шекспирдің «Гамлет» шығармасы бойынша көрсетілген көрініс пен орындалған 91-ші сонет көрермендердің көңілінен шықты. Қазіргі ағылшын әдебиетінің көрнекті жазушысы Джоан Роулингтің әлемдік балалардың сүйікті шығармасына айналған «Гарри Потер» шығармасынан студенттер сахналық көрініс көрсетті. Осы әдеби кештің өтілуіне атсалысқан «Негізгі орта білім» мамандығының «Орыс тілімен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі студенттері: Жексенова Альфия, Муханова Асем, Сапарбаева Жулдыз, Мирманова Акмарал, Баяндосова Гулжайна, Култаева Альбина, Абдрахманова Акмарал, Орынбасаров Рахим, Маратов Куанышбай, «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығының «Ұйымдастырушы - педагог» біліктілігі студенті Бердибай Айтбай, «Негізгі орта білім» мамандығы «Математика мұғалімі» біліктілігі студенттері: Айжариков Бексултан, Айткулов Бердибай, «Дене тәрбиесі және Спорт» мамандығының «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі» біліктілігі студенттері: Жиенбаев Акылбек, Панаев Самат осы әдеби кешке атсалысып, өнер көрсетті. Кеш соңы «Негізгі орта білім» мамандығының «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі студенті Есиркепова Айкун У.Шекспирдің туындысы «Ромео – Джульетта» операсынан «What is are youth» үзіндісін өте шебер орындап, көрермендердің ризашылығына бөленді.

Әлемдік тілдердің құдіреттілігі мен байлығы
Әлемдік тілдердің құдіреттілігі мен байлығы
Әлемдік тілдердің құдіреттілігі мен байлығы
Әлемдік тілдердің құдіреттілігі мен байлығы
Әлемдік тілдердің құдіреттілігі мен байлығы