Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Но жив талант, бессмертен гений

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде 2017 жылғы қарашаның 6–11-і күндері «Әлемдік тілдердің құдіреттілігі мен байлығы»  атты өтіп жатқан орыс тілі мен ағылшын тілдерінің пән апталығы аясында  орыс тілі  мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Дүзбаева Айнұрдың ұйымдастыруымен қарашаның 7-сі күні «Но жив талант, бессмертен гений» тақырыбында студенттерге орыс халқының классигі А.С.Пушкиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, олардың көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында А.С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. Әдеби кеш өтетін орын, сахна тақырыпқа сай безендіріліп, кештің барысында орыс тілінде ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылып, шығармаларынан сахналық қойылым көрсетілді. Ақынның «Сказка о рыбаке и рыбке» әйгілі ертегісінің желісі бойынша қойылған сахналық қойылым көрермендердің көңілінен шықты. А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан «Письмо Татьяны к Онегину» үзіндісінен студенттер сахналық көрініс көрсетті. «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 1-курс студенттері: А.Мұратқызы, А.Амалбаева, О.Шоканов,  Б.Жолдасбаева, М.Алдонгарова, А.Айтымбетова, Г.Тулаева, С.Султанова, Р.Урынбасаров, А. Сапарова, А. Мұханғалиева әдеби кештің өтілуіне белсене ат салысты. Кеш соңы М.Ю.Лермонтовтың А.С.Пушкинге арнап жазған «Смерть поэта» өлеңін Б.Жолдасбаева мәнерлеп оқып,ал  А.Есіркепова А.С. Пушкиннің өлеңіне арналған «Юноша и дева» романсын өте шебер орындап, көрермендердің көңілінен шықты.

Но жив талант, бессмертен гений
Но жив талант, бессмертен гений
Но жив талант, бессмертен гений
Но жив талант, бессмертен гений
Но жив талант, бессмертен гений