Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Лингвистичесий турнир грамотеев русского и английского языка»

Қарашаның 11-інде Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Величие и богатство мировых языков» тақырыбындағы шет тілдері апталығы аясында Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүргізу, сонымен бірге ата-аналардың шет тілге деген қызығушылықтарын ояту мақсатында орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Успанова Сайра мен шет тілі пәнінің оқытушысы Ахметова Айсулу бірігіп ұйымдастырумен «Лингвистичесий турнир грамотеев русского и английского языка» сайысы болды. Бұл сайысқа «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 3- курс студентері арасынан Онгарова Хадияның атасы Онгар Умиркуловпен, Ширджанова Анардың әкесі Ширджанов Нурмуханмен, Миерманова Акмаралдың анасы Алия Шурабаевамен 4-курс студенті Султамуратова Жадыраның анасы Юсупова Куралаймен сайысқа түсті. Сайыстың шарты бойынша әр топтан бір әке баласымен, бір ана баласымен жұптасып, сайысқа түсу қарастырлған.

 

Сайыс «Знакомство»,«Разминка»,«Дополни пословицу», «Скороговорки» , Инсценирование на темы «Подготовка к экзамену по английскому языку» и «Приезд тёти» деп аталатын кезеңдерден тұрды. Алғашқы кезеңде әр топ өздерінің топтарының атаулары «Грамотеи» «Билингвисты» деп атап, эмблемалары мен ұрандарын, топтағы құрам мұшелерін ағылшын тілінде таныстырып өтті. Есте сақтау, көру қабілеттерін тексеру мақсатында «Закодированное слово» ойыны ойнатылды. Бұл бөлімде берілген суреттердің бастапқы әріптерінен сөз құрастыру және студентердің лексикологиялық сөздік қорын тексеру болатын. «Разминка» кезеңінде әр топтарға ағылшын және орыс тілдерінің грамматикасын қаншалықты білетіндерін анықтау мақсатында сұрақтар қойылды. Келесі айналымдар мақал-мәтелдердің жалғасын табу мен жаңылтпаштарды жаңылмай бірге айту шарттарынан тұрды.

Соңғы тур –үй тапсырмасы. Бұл кезеңде «Ағылшын тілінен емтиханға дайындық» , «Апасының келуі», тақырыптарында ата-аналар ағылшын тілін- дегі күнделікті сөздерді қолданып көрініс көрсету болды.

 

Әр кезеңдердегі жинаған ұпай көрсеткіштерінің нәтижесі бойынша «Билингвисты» тобы жеңімпаз атанды. Сайыс соңында ата-аналар өз әсерлерімен бөлісіп, колледж әкімшілігі мен шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

«Лингвистичесий турнир  грамотеев русского и английского языка»
«Лингвистичесий турнир  грамотеев русского и английского языка»
«Лингвистичесий турнир  грамотеев русского и английского языка»
«Лингвистичесий турнир  грамотеев русского и английского языка»