Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Классикалық шығармаларға шолу

Тілдің қай қоғамда, қандай елде болмасын орны бөлек. Тіл болмаса, тірліктің де мәні жоқ. Тіл туралы терең ойлану қоғам үшін, қоғамның әр азаматы үшін парыз болып саналады. Еліміздің түкпір-түкпірінде тілге арналған сан түрлі шаралар өткізіліп жататыны белгілі, олардың мақсат-міндеттері де түрлі. Мұндай шаралардан біздің оқу орны да қалыс қалмайды. 2017оқу жылының қараша айының 06-11 күндері Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінде «Әлемдік тілдердің құдіреттілігі мен байлығы» атты шет тілдері апталығы болып өтті.


Апталық аясында студенттердің зияткерлік қабілетін дамыту мен орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Успанова Сайрангул Куанышбаевна орыс әдебиетінің классиктерінің шығармалары бойынша «Своя игра» атты интеллектуалдық ойынын өткізді. Ойынға «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 3-ші, 4-ші курс студенттері арасынан 2 топ қатысты: «Литературоведы» - ОрБ-54: Султамуратова Ж., Сапарбаева Ж., Дерябаева А., Муханова А., Молдабаева Б., «Книголюбы» - ОрБ-53: Биходжаева Ж., Бекболатова Д., Абдирахманова А., Онгарова Х.,

 

Арыстанова Г. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: І – Разминка, ІІ – Раунд эрудитов, ІІІ – Финальный раунд. Әр кезең 5 категориядан тұрды. ІІ кезең категориялары: 1.Литературоведение; 2.Литература и другие виды искусства; 3.Узнай героя; 4.Кушать подано; 5.Теоретика. ІІІ кезең категориялары: 1.Чей портрет? 2.С первой строчки; 3.Крылатые выражения; 4.Памятники; 5.Иллюстрации к произведениям. Сайыстың қорытындысы бойынша ОрБ – 63 тобы – 710 ұпай, ОрБ-54 тобы –890,5 ұпай жинады. ОрБ-54 тобы студенттерінен құралған «Литературоведы» тобы жеңіске жетті. «Игі істің басы – тіл, тәрбие басы –тіл» дейтін болсақ, шынында да оқу орындарында мұндай  игі шаралардың өтуі аса маңызды. Студенттерге терең біліммен қатар, саналы  тәрбие беретін оқу ордасында бұл бағыттағы тәрбиелік шаралар жалғасын таба бермек.

Классикалық шығармаларға шолу
Классикалық шығармаларға шолу
Классикалық шығармаларға шолу
Классикалық шығармаларға шолу