Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Нақты ғылымдар елінде» атты математика және физика апталығы

Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінде қараша айының 20 – 25 аралығында «Нақты ғылымдар елінде» атты математика және физика апталығы өткізілді. Апталықтың алдын – ала жоспары жасалып, апталықтың жоспары көрнекі жерге ілініп, студенттерге таныстырылды.Апталыққа арналған тәрбие шаралары жоспарлы түрде өткізілді. Аталған шараларға барлық студенттер белсене қатысты. Өткізілген шаралардың формалары да әр түрлі болды. Интелектуалды ойын, танымдық сайыстар.
21.11 күні математика пәні оқытушысы Нуртурганова Шынарайдың ұйымдастыруымен пәнге деген ынтасын арттыру және ой өрісін кеңейту мақсатында 1- 4 курстар арасында «Таңғажайып математика әлемінде» атты интеллектуальды ойын өткізді.Шара қорытындысы бойынша құрама командалары арасында «Тапқырлар» командасы І орын, «Намыс» командасы ІІ орынға ие болды.
22.11 күні математика пәні мұғалімі Сариева Гулбаршынның ұйымдастырумен математикаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 1 -4 курстар аралығында «Қызық екен» атты интеллектуальды ойын өткізді. Бұл сайыста 1 – 4 курс студенттерінен құралған «Алғырлар» тобының студенттері І орын иеленді, ІІ орынды «Тапқырлар» тобының студенттері иеленді.
23.11 күні математика пәні мұғалімі Қайралапов Сабиттің ұйымдастыруымен студенттердің танымдылығын және іздемпаздығын арттыру, дәлдікке үйрету мақсатында 2- 4 курстар арасында «Колледжішілік олимпиада» атты сайысын өткізді. Олимпиада көрсеткіші бойынша «Математика мұғалімі» біліктілігінің 3 курс студенті Жумабаев Қазбек І орын иеленді, ІІ орын «Математика мұғалімі» біліктілігінің 2 курс студенті Қоңыратұлы Бейбарыс иеленсе, ІІІ орынды «Математика мұғалімі» біліктілігінің 3 курс студенті Жалғасова Орынбике иеленді
24.11 күні математика пәні оқытушысы Қалдаулетова Айгерімнің ұйымдастырумен пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін жинақтау, ой өрісі қабілеттерін дамыту мақсатында «Математикалық альфа - банк» атты танымдық сайыс өткізілді. Көрермендер арасында да ойын жүргізілді. Сайыс қорытындысы бойыншы І орын «Математика мұғалімі» біліктілігінің 3 курс студенті Жумабаев Қазбек иеленді, ІІ орын «Математика мұғалімі» біліктілігінің 3 курс студенті Жалғасова Орынбике ІІ орын иеленді, ІІІ орын «Математика мұғалімі» біліктілігінің 3 курс студенті Жанғылбаева Рая иеленді.
25. 11 күні физика пәні оқытушысы Мектепова Лизаның ұйымдастыруымен студенттердің танымдылығын және іздемпаздығын арттыру, дәлдікке үйрету мақсатында 1 курстар арасында «Қызықты физика әлемінде» атты зияткерлік ойынын өткізді. Шара қорытындысы бойынша студенттерден құралған командалар арасында І орынды «Линза» тобы иеленсе, ІІ орынды «Призма» тобы иеленді
Апталық тартымды да, қызықты өтті. Апталықтың қорытындысын математика және физика пәні мұғалімдері ұйымдастыруымен өткізілді. Сонымен қатар студенттерді марапаттаулармен жалғасын тапты.

«Нақты ғылымдар елінде» атты математика  және физика апталығы
«Нақты ғылымдар елінде» атты математика  және физика апталығы
«Нақты ғылымдар елінде» атты математика  және физика апталығы
«Нақты ғылымдар елінде» атты математика  және физика апталығы
«Нақты ғылымдар елінде» атты математика  және физика апталығы
«Нақты ғылымдар елінде» атты математика  және физика апталығы