Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Тәлімгерлер семинары

Желтоқсан айының 8-і күні Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде жас мамандардың өзіндік білімдерін жетілдірулеріне жағдай жасау, оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана білуіне үйрету, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Жас педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы әдістемелік қызметтің рөлі» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары болып өтті. Семинар екі бөлімнен тұрды. Олар: Тәжірибе алмасу және қорытынды. Тәжірибе алмасу бөлімінде дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Н.Ш.Ширджанов дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен «Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстар», психология пәнінің оқытушысы А.А.Жумагазина психология пәнінен «Тұлға туралы ұғым», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.А.Серкешбаева қазақ әдебиеті пәнінен «М.Шаханов, Ә.Нұршайықов, З.Қабдолов шығармашылығынан «Бақытты сәт»» ойын сабағын, сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны бойынша директордың оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Г.С. Жаңбырова «Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалу дегеніміз не? Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.


Семинардың қорытынды бөлімінде колледж әдіскері А.М. Калдаулетова «Топтық жұмыстың студент белсенділігін арттырудағы рөлі» тақырыбында баяндамасымен таныстырып, баяндамада айтылған мәселелер мен өтілген сабақтар бойынша жас мамандар пікірлерін білдірді. Семинар колледж психологі А.А Жұмағазинаның ұйымдастыруымен «Қарым-қатынас» психологиялық тренингісімен аяқталды.

Тәлімгерлер семинары
Тәлімгерлер семинары
Тәлімгерлер семинары
Тәлімгерлер семинары
Тәлімгерлер семинары
Тәлімгерлер семинары
Тәлімгерлер семинары
Тәлімгерлер семинары
Тәлімгерлер семинары
Тәлімгерлер семинары