Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы»

«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК- де 09-15 желтоқсан аралығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында колледжішілік «Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы» атты тарих және география пәндері апталығы болып өтті. Бұл апталықтың негізгі мақсаты: студенттерді өлкеміздің тарихи- мәдени ескерткіштерімен таныстыру. Оларды насихаттай отырып ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Апталық аясында колледждің тарих және география пәндерінің оқытушылары тарихи танымдық кеш, кездесу, тәрбие сағаттарын өткізді.


11 желтоқсан күні ұйымдастырылған «Маңғыстау-киелі мекенім» тақырыбында тарихи танымдық кеш өтті. Кештің мақсаты : Отанын, туған жеріміз Маңғыстау туралы тереңірек түсінік бере отырып бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ояту, өз Отанын, туған жерін сүюі, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру. Кешке «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 2 курс тобының студенттері Орынбасаров Рахим мен Дәулеткерейұлы Шынболатты «Адай» күйін орындады. Студенттер 362 әулиелер туралы мағұлымат беріп, бейнебаян көрсетілді. Маңғыстау уралы жыр жауһарлар айтылды . Студенттер Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Қошқар ата, Айназар ата туралы баяндады. Шарамыздың соңы Байжанова Аругүлдің орындауында Маңғыстау әні айтылды.


12 жетоқсан күні ұйымдастырылған «Төл тарихымызды түгендеуші-Тәуелсіздік» тақырыбында тарихи танымдық кеш өтті. Кештің мақсаты: студенттерді өзіміз өмір сүріп отырған өлкеміздің тарихи–мәдени ескерткіштерімен таныстыру. Кеште «Ұйымдастырушы педагог» мамандығының 3 курс тобының студенті Айнашов Амандық «Баба баян» өлеңін оқыды . Студенттер Айрақты тауы, Дәулетбай сұпы туралы сипаттама берді. Күйкеұшқан тауы туралы бейнебаян көрсетілді. Ауданымыздағы мұражайдың қызметкері Көпбергенов Қуаныш «Тарихын тасқа жазған» атты көрмесін таныстырды. Кеште «Бекет ата» әні орындалды. Студенттер Көшербай ахун мешіті, Төремұрат батыр туралы баяндады. «Математика мұғалімі» мамандығының 1 курс тобының студенті Тоқтасынов Амет «Бейнеу» өленін оқыды.


14 жетоқсан күні ұйымдастырылған «Маңғыстаудың дәстүрлі қолөнері» тақырыбындағы өнер иесімен кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты қазақ халқының, оның ішінде Маңғыстау өңірінің мол қолөнер үлгілеріне тоқтала отырып, халық өнерін қастерлеуді, үлгі тұтуды насихаттау. Кездесу кешінде «Бастауыш сыныпта информатика пәнінің мұғалімі» мамандығының 4 курс тобының студенттері ұлттық қолөнер, оның ішінде, киім тігу, киіз басу, зерегерлік сияқты түрлері бойынша мәліметтер айтты. Кездесу кешінің қонағы болып ауданымыздың жас қолөнер шебері, зергер Өміров Төлеген Өтепқалиұлы қатысты. Ол өз кәсібі жайында, көрмеге қойған фотосуреттерімен, өз қолынын шыққан әшекейлермен таныстырды. Оның ішінде ер адамның күмістен құйылған және әйел адамдарға арнап жасалған құс тымсұқ жүзіктерін көрсетіп, көрермендерді қызықтыра білді. Сонымен қатар, көрермендер арасынан қойған сұрақтарға нақтылы жауап беруге тырысты. Атап айтар болсақ, зергерлік өнердің қыр-сыры, қиындығы мен қызығы жайлы біраз мәліметтер айтты. Оған қоса, жас зергер әр жұмысының бағасы мен жасалу жолдарына анықтама берді.

«Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы»
«Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы»
«Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы»
«Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы»
«Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы»