Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Жаңарған замандағы жаңашыл маман» тақырыбындағы мамандықтар шеруі

2017 жылдың 20 желтоқсан күні Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде директордың оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Г.Жаңбырова мен колледждің қосымша білім беру педагогі Н.Аюпованың ұйымдастыруымен колледжішілік «Жаңарған замандағы жаңашыл маман» тақырыбындағы мамандықтар шеруі байқауы өткізілді.

Бұл байқауға колледжімізде оқытылатын алты мамандық бойынша студенттер қатысты.

Байқау төрт кезеңде өткізілді:

Бірінші кезең – «Мен таңдаған мамандық» (Мамандықты таныстыру, жарнамалау, бейнеролик, слайд, визитка т.б. үлгіде, ұзақтығы: 5-7 минут;) Бұл кезеңде әр мамандық бойынша құрылған топ командалары өздерінің мамандықтары бойынша дайындаған жарнамаларын 5-7 минут шамасында қорғап шықты.

Екінші кезең – «Ұстаз таланты болса – шәкірт талапты» панорамалық сабақ көрсету және тренинг өткізу ұсынылды, сабақтың өткізілу уақыты 15 минут.

Үшінші кезең - «Жарқын болашақтың жастары». Бұл кезеңде қатысушыларымыздың еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып сыни тұрғыдан ойлауын шыңдау мақсатында берілген тақырыптар бойынша постер арқылы жұмыс қорғайды. Жұмысты орындауға 15 минут, қорғау ұзақтығы 3-5 минут.

«Жаңарған замандағы жаңашыл маман»тақырыбындағы мамандықтар шеруі байқауының соңында әділқазылар алқасы өзара ақылдаса отырып әділ бағаларын берді. «Негізгі орта білім»« мамандығының «Математика мұғалімі» біліктілігі – 1 орынға, «Негізгі орта білім»« мамандығының «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі- 2 орынға, «Бастауыш білім беру» мамандығының «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі –3 орынға, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының «Мектепке дейнгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі – 3 орынға, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі» біліктілігі – «Ұйымшыл спортшылар» номинациясына, «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығының «Ұйымдастырушы-педагог» біліктілігі – «Талғампаз тәлімгерлер» номинациясына ие болды.