Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Жаңа педтехнологияны сабақ процесінде тиімді қолдану арқылы нәтижеге жету және мұғалімнің кәсіби дамуы»

22.12.2017 ж күні «Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі» МКҚК-де «Жаңа педтехнологияны сабақ процесінде тиімді қолдану арқылы нәтижеге жету және мұғалімнің кәсіби дамуы» тақырыбында педагогика, психология және өзін –өзі тану арнайы пәндер циклінің әдістемелік семинары өтті.Цикл жетекшісі- Даулетова Бұрыш. Семинарда «Мектекпе дейінгі тәрбие және оқыту» тақырыбында Даулетова Бұрыш, «Папье-маше технологиясы»тақырыбында Алдабергенова Балзада, « Интервалдар. Интервалдардың сандық, сапалық өлшемдері және атауларын қайталау сабағы» тақырыбында Қалышева Бейбіт ашық сабақтарын көрсетті.Оқытушылар сабақ барысында В. Шаталовтың тірек сызба, ойын технологияларын тиімді пайдаланды. Б.Даулетова сабақ барысында «Тәй-тәй» бағдарламасын М.Монтессори әдістерімен байланыстыра отырып, сенсорика және тіл аймактары бойынша түсінік берді және ересек топ балаларымен жұмыс жасады. Б. Алдабергенова Папье- маше ойыншықтарын жасауға арналған материалдар мен құрал- жабдықтарды безендіруге болатынын түсіндіре отырып, сабақ барысында құмыра жасауды үйретті. Б. Қалышева музыканың сипатын ажырату мазмұнының өмірмен байланысын түсіндіріп, ән легінің бағытын айыруды,ноталар туралы ұғым қалыптастыруды тәжірибемен байланыстырды. Әдістемелік күнді қорытындылау барысында «Студенттердің психикалық және физикалық денсаулығына тиімді әсер ету жолдары» тақырыбында колледж психологі А.Жұмағазина баяндама жасады. Баяндамада жастардың психологиядық дамуы туралы айтылды. Б.Алдабегенова «Модульдік –құзіреттілік тәсіл негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында өткен курстан алған әсерін ортаға салып, кері байланыс жасады.