Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Сен де бір кірпіш дүниеге...»

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің педагогика, психология пәні оқытушысы З.Кадирбаева Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақала аясында колледжден кәсіби бағытта мамандық алып шыққан түлектермен «Сен де бір кірпіш дүниеге...» атты кездесу кешін ұйымдастырды.

 

Кездесу кешінің негізгі мақсаты - студенттердің мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру, оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу, студенттердің қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кештің қадірлі қонақтары ретінде колледж түлектері - математика пәні мұғалімі, мектеп тәлімгері Құттығұлов Ғабит, ұйымдастырушы-педагог, дене тәрбиесі мұғалімі Ауғанбаев Ильяс, арнайы пәндер оқытушысы Аяпов Елмұрат, қосымша білім беру педагогі Мұхамединова Мөлдір, бала-бақша әдіскері, тәрбиеші Таженбаева Жазира шақырылды.

 

Кеш қонақтары студенттермен ой бөлісе отырып: «Бізге білім алу үшін барлық жағдайға жол ашық. Міне, сол білімді саналы түрде игере отырып, Отанымыздың бір тетігіне кірпіш болып қалану – біздің басты парызымыз. Біз, жастар, қоғам, халық алдындағы борышымызды сезіне білуіміз керек. мамандықтың бәрі жақсы. Тек оны жүрек қалауымен таңдай біл. Сонда ғана сенің сол мамандыққа деген қызығушылығын артады»,- деген ой-пікірлермен қорытындылады.

«Сен де бір кірпіш дүниеге...»
«Сен де бір кірпіш дүниеге...»
«Сен де бір кірпіш дүниеге...»
«Сен де бір кірпіш дүниеге...»