Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Бұрымды қыз-2018» байқауы

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде қыздар ұйымының ұйымдастыруымен қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу, салт-дәстүрімізді білу, құрметпен қарау, эстетикалық тәрбие беру, шығармашылық-іскерлігін арттыру, қиялын дамыту, іске асыра білу, жұмысын көрсете білу, сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта алуға тәрбиелеу мақсатында 1,2 курс студенттер арасында «Бұрымды қыз-2018» байқауы өтті. Сайысқа: 0111063 «Математика мұғалімі» мамандығының 2 курс студенті Жанақова Қамажай, 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының 1курс студенті Алдонгарова Маусым, 0111063 «Математика мұғалімі» мамандығының 1 курс студенті Жұматаева Жадыра, 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» мамандығының 1 курс студенті Темірбаева Дильнура, 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» мамандығының 1 курс студенті Құрбанбаева Гүлданалар қатысты. «Бұрымды қыз» байқауының шарттары: «Шолпысы әсем жарасып белге» (ұлттық киім кию шарт, қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс-тұрысы сарапталады), таныстыру (өз қалауымен шашын таныстыру) , жарнама (табиғи өнімдерден), ситуациялық сұрақтар (қатысушының ақылы, ой-өрісінің тереңдігі сарапталады), шаш үлгісін жасау, ең шашы ұзын қызды анықтау. 
Нәтижесінде 0111063 «Математика мұғалімі» мамандығының 1 курс студенті Жұматаева Жадыра «Бұрымды қыз», 0111063 «Математика мұғалімі» мамандығының 2 курс студенті Жанақова Қамажай «Өнерлі қыз», 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының студенті Алдонгарова Маусым «Ерке қыз», 0111063 «Математика мұғалімі» мамандығының 1 курс студенті Темірбаева Дильнура «Шебер қыз», 0101013 «Мектепке дейінгі ұжымдардың тәрбиешісі» мамандығының 1 курс студенті Құрбанбаева Гүлдана «Инабатты қыз» наминацияларын иеленді

«Бұрымды қыз-2018» байқауы
«Бұрымды қыз-2018» байқауы
«Бұрымды қыз-2018» байқауы
«Бұрымды қыз-2018» байқауы