Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Жаңартылған білім беру мазмұнында оқыту»

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде заман талабына сай кәсіби маман даярлауды жетілдіру мақсатында жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылуда. 
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары негізінде Астана қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығында» ұйымдастырылған тренерлерді дайындау курсынан 2015-2016 оқу жылында 4 оқытушы (Т.Қадыр, Г.Жаңбырова, Л.Мектепова, А.Кулекенова), 2016-2017 оқу жылында 3 оқытушы (З.Кадирбаева, Л.Хыдырбаева, А.Қалдаулетова), 2017-2018 оқу жылында 2 оқытушы (Ш.Нұртұрғанова, А.Дүзбаева) біліктілігін жетілдіріп келді.
2017-2018 оқу жылынан бастап барлық мамандық бойынша бітіруші түлектерге «Жаңартылған білім беру мазмұнында оқыту» тақырыбында факультативтік курс ұйымдастырылды. Аталған факультативтік курсқа 123 студент қатысып, жаңа білім мазмұнында оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін, қыр-сырын меңгеруде. Биылғы 2017-2018 оқу жылынан бастап Астана қаласындағы ПШО-дан тренерлік курсты аяқтаған 7 колледж оқытушыларынан жаңартылған білім беру мазмұны бойынша шығармашылық топ құрылды. Шығармашылық топ жетекшісі болып жоғары санатты педагогика, психология пәндері оқытушысы Кадирбаева Зауреш Турашовна тағайындалды. Шығармашылық топ мақсаты: колледжді бітіруші курс студенттерінің қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз етуге жағдай жасау және колледж оқытушыларына қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу, оқытудың жаңа технологиялары мен озық үлгілерін үйрету, облыс көлеміндегі әріптестермен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру. Шығармашылық топ мүшелері осы мақсатқа жету жолында арнайы жасақталған жоспар негізінде жұмыстану үстінде.

«Жаңартылған білім беру мазмұнында оқыту»
«Жаңартылған білім беру мазмұнында оқыту»
«Жаңартылған білім беру мазмұнында оқыту»
«Жаңартылған білім беру мазмұнында оқыту»
«Жаңартылған білім беру мазмұнында оқыту»
«Жаңартылған білім беру мазмұнында оқыту»