Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Әсем қалам – Астана»

Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеумәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Астана қаласының көз тартар сұлу жерлерін тарихи орындарын суреттеу арқылы қылқалам шеберлерін анықтау, сурет өнерінің құдіретін насихаттау, эстетикалық талғамды арттыра отырып, туған жердің тынысын белгілеу арқылы қала тарихын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Астана қаласының 20 жылдығына орай «Әсем қалам – Астана» атты аудандық жас суретшілер байқауына Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің бейнелеу өнері, технология пәндерінің оқытушысы Б. Алдабергенованың жетекшілігімен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенттері Молдагалиева Жанат, Төлегенова Гулнур, Омарова Айгерим, Кашқынбаева Сымбаттар қатысты. Нәтижесінде А. Омарова жүлделі ІІ орынға ие болса, Г. Төлегенова, Ж. Молдагалиева, С. Кашқынбаева белсенді қатысқаны үшін «Бейнеумәдениет» МКҚК-ның Алғысымен марапатталды.

«Әсем қалам – Астана»
«Әсем қалам – Астана»
«Әсем қалам – Астана»