Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Дарынды шәкірт-үздік маман»

25-26 сәуір күндері Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің 3-курс студенттері арасында «Дарынды шәкірт-үздік маман» байқауы өткізілді.Колледж студенттерінің педагогикалық қызметке кәсіби бағдарлануын, білім беру мекемелеріндегі қазіргі жаңа технологиялық даму процесстерімен танысуын шыңдау, колледждегі белсенді жастарды тану, қолдау көрсету, кәсіптік және тұлғалық қалыптасуына бағыт-бағдар беру, әлеуметтік серіктес мекемелермен жұмысты жетілдіру мақсатындағы бұл байқау арнайы келісім бойынша Бейнеу селосындағы Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп пен «Балауса» балабақшасы базасында ұйымдастырылды.Әділ қазылар алқасының құрамында Ы.Алтынсарин орта мектебінің математика пәні мұғалімі Ә.Жәнібекова ,«Балауса» балабақшасының әдіскері А.Себепова және коллледж оқытушылары болды. «Дарынды шәкірт-үздік маман» байқауының «Педагогикалық шеберлікті шыңдау» атты 1-бөлімінде студенттер заман талабына сай жаңартылған білім беру мазмұны бағытында ашық сабақтар көрсетсе, 2-бөлімінде портфолио қорғау, тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну, ситуациялық сұрақтарға жауап беру сынағынан өтті. Байқау нәтижесінде «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының 3-курс студенті Миерманова Ақмарал І орынды, дуальды оқыту жүйесіндегі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенті Тоқтамысова Ақсұлу ІІ орынды, «Математика мұғалімі» мамандығының 3-курс студенті Жангылбаева Рая ІІІ орынды қанжығысына байлады.Сондай-ақ «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығының 3-курс студенті Абилова Ақмарал «Зерделі маман», «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі» мамандығының 3-курс студенті Майшанов Ерсин «Талапты маман» номинациясымен марапатталды. Бірнеше жылдардан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Дарынды шәкірт-үздік маман» байқауы алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

«Дарынды шәкірт-үздік маман»
«Дарынды шәкірт-үздік маман»
«Дарынды шәкірт-үздік маман»
«Дарынды шәкірт-үздік маман»