Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы»

7 Мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 5-ші мамыр күні колледжімізде «Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты шара өтті. Мақсаты: жасық темірдей майыспаса, соққы тиген сайын шыңдала түсетін болат қасиетінен айрылмас жастарды Отансүйгіштікке, елін қорғауға тәрбиелеу. Шараға колледжіміздің ер балалары қатысып, олар әскери өмір – ротадағы сарбаздардың рөлін сомдады. Кеште алдымен әскери видеоролик көрсетіліп, студенттер әскери қимылдар жасады. Алғашқы құттықтау сөзі Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледж директоры Жаманбаев Қаныбек Абдибекұлына беріліп, өз сөзінде колледждің іргелі оқу орны болып қалыптасуына үлес қосқан еразаматтарымызды алғыс хаттармен марапаттады. Шара барысында жауынгер сарбаздар шырқайтын әндер мен олардың рухын жігерлендіретін өлеңдер оқылды және ағаның ініге айтар ақылшы сөзі «Жігіт қандай болу керек?» көрінісі қойылды. «Мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешісі», «Математика мұғалімі» «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандықтарында оқитын студенттердің құттықтау видеороликтері көрсетілді. Кеш соңында ротаның командирі болып ойнаған Айнашов Амандық «Аманат» әнін шырқады.

«Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы»
«Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы»
«Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы»