Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Әскери іске дайын бол!»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде білім алушыларды Отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру және Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрін жалғастыру мақсатында «Әскери іске дайын бол!» атты «Жас Ұлан» әскери-патриоттық сайысы болып өтті. Аталған сайысқа колледжіміздің 1 курс студенттері қатысты. 
«Әскери іске дайын бол!» атты әскери-спорттық сайыстың ашылу салтанатты ҚР Республикасының Гимнімен басталып, алғашқы сөз кезегі колледж директоры Жаманбаев Қаныбек Абдибекович мырзаға берілді. Бұл шараға Бейнеу ауданының шекара қызметінің бөлім аға офицер Дауитов Сейтжан Миятбекович қатысты.
Сайысқа колледж білім алушыларының «Математика мұғалімі» , «Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандықтарының І курс студенттерінен құралған 4 топ қатысты. Сайыс таныстыру бөлімі, автоматты уақытқа толық емес бөлшектеу және жинау, әскери эстафета, алғашқы медициналық көмек көрсету, арқан тартыс, пневматикалық винтовкадан нысанаға ату, газтұмылдырықтарды кию және шешу сияқты жарыс түрлері бойынша сынақтар өткізілді. 
Сайыс қорытындысында жүлделі орындарға ие болған топтар марапатталды.

«Әскери іске дайын бол!»
«Әскери іске дайын бол!»
«Әскери іске дайын бол!»
«Әскери іске дайын бол!»