Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Қазақтың рухани көсемі»

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай қазақтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына байланысты «Тән көмілер, көмілмес еткен ісім» атты дәстүрлі тіл апталығы өтіп жатыр. 5 қыркүйек  күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.Сарбалаева «Қазақтың рухани көсемі» тақырыбында тіл апталығының ашылу салтанатын ұйымдастырды. Шараның мақсаты - ұлттық сана-сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, патриоттық сезімін ояту, ұлттың ұлы ұстазы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ақын, публицист, педагог және қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан хабардар етіп, оның қазақ халқына сіңірген елеулі еңбегін бүгінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-4 курс студенттері ақынның «Қырық мысал» және «Маса» жинақтарына енген шығармаларын мәнерлеп оқып, ғалымның өмір жолы туралы көптеген деректер, мақалалары мен  ғылыми еңбектерімен танысты.

«Қазақтың рухани көсемі»
«Қазақтың рухани көсемі»