Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Көп жасаған қария, ақылы теңіз, дария» атты кездесу

   Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде  «Орыс тілі мұғалімі»  біліктілігінің 1-курс тобында  «Көп жасаған қария, ақылы теңіз, дария» атты кездесу кеші өтті. Кездесу мақсаты – саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ардагер ұстаздар, ардақты ата, аяулы әже Қалиев Мақсот пен Қалышева Бейбіт апаймен кездесу, өмірлік өнегелерінен тәлім алу, үлкенді сыйлауға, қарттарды қадірлеуге шақыру.

        Кездесу барысында әуезді  әндер шырқалып, ақындардың тағылымды жырлары екі тілде   оқылды. «Қарты бар үй-қазыналы үй» тақырыбында көрсетілген көрініс арқылы ата-әженің отбасындағы ролі, олардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдық құқықтары бар қымбатты қонақтарымыз екендігі ұғындырылды. 

    Қатысушылар мен студенттер кездесу қонақтарына көкейлерінде жүрген сұрақтар арқылы еңбек жолдары, отбасылық өмірдегі қағидаттары, бала мен немере тәрбиелеудегі тәжірибелері туралы сұрап  білді. Бүгінгі таңда қазақ жастарына жетпей жатқан қасиеттер, кітапты көп оқу, жаңаны үйрену сияқты өмірге қажет сабақтарын алған тәлімі мол кездесу соңында қонақтарға естелік кітаптары ұсынылып, жас жеткіншектер  Мақсот аталарының батасын алды.

         Стуенттерге тәлім тәрбие беретін шаралар жалғасын таба береді.

«Көп жасаған қария, ақылы теңіз, дария» атты кездесу
«Көп жасаған қария, ақылы теңіз, дария» атты кездесу
«Көп жасаған қария, ақылы теңіз, дария» атты кездесу
«Көп жасаған қария, ақылы теңіз, дария» атты кездесу