Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Математика – ғылымдар патшасы, физика – табиғат патшасы»

Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінде қараша айының 19 - 23  аралығында «Математика – ғылымдар патшасы, физика – табиғат патшасы» атты математика және физика пәндері апталығы өткізілді. Апталықтың алдын – ала жоспары жасалып, студенттерге таныстырылды. Апталыққа арналған тәрбие шаралары жоспарлы түрде өткізіліп, аталған шараларға барлық студенттер белсене қатысты. Өткізілген шаралар  интелектуалды ойын, танымдық сайыстар т.б. формаларда өткізілді. математика пәні оқытушысы Қалдаулетова Айгерім «Математика – ғылымдар патшасы, физика – табиғат патшасы» атты математика және физика пәндері апталығының ашылу салтанатты жиынын жасап, студенттерге апта бойы жүретін «Математикалық қанатты сөздер» слайдын жадыға  сақтау, сонымен қатар  апталық аясында «Жасырын есептер»  арқылы дайындаған сыйлығы бар екенін айтты. математика пәні оқытушысы Қайралапов Сабиттің ұйымдастыруымен 2-4 курстар аралығында  «Математикалық олимпиада»  өткізілді. 2 – 4 курс студенттері олимпиадаға белсене қатысып, қорытындысында  І орын «Математика мұғалімі» біліктілігінің 4 студенті Жалғасова Орынбике, ІІ орынды «Матемаика мұғалімі» біліктілігінің 3 курс студенті Алуадинова Меруерт, ІІІ орынды «Математика мғалімі» біліктілігінің 2 курс студенті Айжариков Бексултан иеленді.физика пәні оқытушысы Мектепова Лизаның ұйымдастыруымен 1 курстар аралығында «Озық ойлы оқушы» атты интеллектуальдық ойын өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша І орын «Математика мұғалімі» біліктілігінің 1 курс студенті Даулыбай Қадыр, ІІ орын «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 1 курс студенті Көпейсинов Нурсултан, ІІІ орынды «Шетел тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 1 курс студенті Асанов Шыңғысхан және ынталандыру «Дене тәрбиесі мұғалімі» біліктілігінің 1 курс студенті Базарбаев Нурдаулет иеленді.математика пәні оқытушысы Сариева Гулбаршынның ұйымдастырумен 1-4 курстар аралығында «Тапқыр математик» атты интеллектуальдық ойын өткізілді.Сайыс қорытындысы бойынша І орын құрама команда «Әл Хорезми», ІІ орын «Архимед» және ІІІ орын «Пифагор» құрама командасы иеленді.математика пәні оқытушысы Нұртұрганова Шынарайдың ұйымдастыруымен 1 – 4 курстар аралығында «Қызықты математика сағаты» атты әдеби - сазды кеш өтті.

Апталық тартымды да, қызықты өтті. Апталықтың қорытындысын математика және физика пәні мұғалімдері ұйымдастыруымен өткізілді.  Сонымен қатар студенттерді марапаттаулармен жалғасын тапты.

 

«Математика – ғылымдар патшасы, физика – табиғат патшасы»
«Математика – ғылымдар патшасы, физика – табиғат патшасы»
«Математика – ғылымдар патшасы, физика – табиғат патшасы»
«Математика – ғылымдар патшасы, физика – табиғат патшасы»
«Математика – ғылымдар патшасы, физика – табиғат патшасы»
«Математика – ғылымдар патшасы, физика – табиғат патшасы»
«Математика – ғылымдар патшасы, физика – табиғат патшасы»
«Математика – ғылымдар патшасы, физика – табиғат патшасы»