Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

"Бүгін-елдікке құрмет күні"

Колледж кітапханасында "Бүгін-елдікке құрмет күні" тақырыбында кітапқұмар студенттерге виртуальды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы Ш.Жұмағұлова  Тұңғыш Президенттің өмірін, өскен ортасын, азамат боп қалыптасу кезеңдерін айтып өткен соң, сөредегі кітаптар мазмұнымен таныстырылды. Тәуелсіз еліміздің 27 жыл ішінде қол жеткізген табыстары туралы әңгімелей келе, Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" жолдауында қарастырылған мәселелерге тоқталды. Шара барысында "Ұйымдастырушы-педагог" біліктілігі тобындағы студенттер мәнерлеп өлеңдер оқыды. Виртуальды кітап көрмесі жұмысын колледж ұйымдастырушы-педогогы Т.Қадыр қорытындылады.Осылайша студент жастарға  жаңа кітаптар таныстырыла отырып, кітапханамен байланыста болып кітап оқуға шақырылды.

"Бүгін-елдікке құрмет күні"
"Бүгін-елдікке құрмет күні"
"Бүгін-елдікке құрмет күні"
"Бүгін-елдікке құрмет күні"
"Бүгін-елдікке құрмет күні"