Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«Жаңа әлемдегі жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану»

Желтоқсан айының 6-сы күні  Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде жас мамандардың өзіндік білімдерін жетілдірулеріне жағдай жасау, оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана білуіне үйрету, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету  мақсатында әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Жаңа әлемдегі жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану»   тақырыбындағы тәлімгерлер семинары болып өтті. Семинар екі бөлімнен: Тәжірибе алмасу және қорытынды бөлімдерінен тұрды. Тәжірибе алмасу бөлімінде дене тәрбиесі арнайы пәнінің оқытушысы Б.Туреханов  жеңіл атлетика пәнінен «Екпінмен ұзындыққа секіру тәсілдері: «аяқты бүгу», «қайшылап», «иіліп»», психология  пәнінің оқытушысы А.А.Жумагазина психология пәнінен «Эмоциялар мен сезімдер», тарих  пәнінің оқытушысы  Э.Қосшыбекова қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстан Ресей империясының құрамында» аралас сабағын, сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны бойынша директордың оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары  Г.С. Жаңбырова «Сыныпты қадағалау жүргізу әдістемесі, сынып мәдениеті мен оқу ортасы» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.