Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«XXI ғасыр –техника ғасыры »

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде 2018-2019 оқу жылының 03-08 желтоқсан аралығында «XXI ғасыр –техника ғасыры » тақырыбында Н.Аюпованың ұйымдастыруымен  информатика пәні апталығы өткізілді. Апталық аясында информатика пәні оқытушысы А.Жумагулова  «Smart технологиялар-сапалы білім беру негізі» тақырыбында баяндама жасады. 04.12.2018ж. күні информатика пәні оқытушысы Н.Аюпованың     ұйымдастыруымен колледж студенттерінің арасында информатика пәні бойынша пәндік олимпиада  болды.    05.12.2018ж. күні информатика пәні оқытушысы К.Хожабаеваның  ұйымдастыруымен  1 топ студенттері арасында «Информатика дарабозы»  зияткерлік ойыны  өтті. 06.12.2018ж. күні сағат 10.00-де  колледж студенттерінің арасында информатика пәні оқытушысы А.Махмутованың  жетекшілігімен барлық топ  студенттері арасында «Қызық екен»  интеллектуалды сайысы өтті      07.12.2018ж. күні сағат 16.45-де «Логика қайда?» тақырыбында инттелектуалдық сайыс өтті. 08.12.2018ж. күні сағат 16.35-те информатика пәні оқытушысы Ж.Икенованың басшылығымен апталықтың жабылу сазды кеші болды.

 «XXI ғасыр –техника ғасыры »
 «XXI ғасыр –техника ғасыры »
 «XXI ғасыр –техника ғасыры »
 «XXI ғасыр –техника ғасыры »
 «XXI ғасыр –техника ғасыры »
 «XXI ғасыр –техника ғасыры »