Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы

«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК-де 2019 жылдың  30-шы қаңтары  күні 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының  0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі және 0103000«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 0103023 «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша студенттердің мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға, халықаралық стандарттарды оқыту-әдістемелік құралдарында пайдалануға, материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға, сарапшылар мен колледж мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға өзіндік үлесін қосу мақсатында  колледжішілік «WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы өткізілді. 2 кезеңде өткізілген байқаудың нәтижесін саралаған әділ қазылар алқасының құрамында колледждің жоғарғы санатты оқытушылары мен әлеуметтік серіктес мекемелерден келген тәжірибелі мамандар  төрелік етті.

            Қазылар алқасының шешімімен «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4-курс студенті  Г.Төлегенова І орын, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4-курс студенті  Ұ.Кашкинова ІІ орын, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4-курс студенті  А.Тоқтамысова ІІІ орын, ал «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі бойынша«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 3-курс студенті  А.Кемалов І орын, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 4-курс студенті А.Кәдірбаев ІІ орын, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 4-курс студенті Н.Омарова ІІІ орынды иеленді.  «WorldSkills Kazakstan-2019» байқауының өңірлік кезеңіне жолдама алған І, ІІ орын жүлдегерлеріне сәттілік тілейміз!

 

«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы
«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы