Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Жаңалықтар

«Қош келдің, әз-Наурыз!»

«Қош келдің, әз-Наурыз!»

17-наурыз күні Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қош келдің, әз-Наурыз!» тақырыбында әдеби сазды кеш ұйымдастырылды.
Салт-дәстүрді дәріптеу, патриоттық және толеранттық рухта тәрбиелеу мақсатындағы игі шараға орыс тілі мен әдебиеті панінің оқытушысы Успанова Сайрангул Қуанышбайқызының басшылығымен Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығының 1 және 3 курс студенттері белсене атсалысты. Кеш барысында ұлттық киім мәдениеті, халықтар достығы, әдет-ғұрып көріністері, адами қасиеттер дәріптелді.

 «Жеңгем-сырласым»

«Жеңгем-сырласым»

Наурыз мерекесіне орай колледжімізде наурыз айының 14 жұлдызында халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары қылықты қыз тәрбиелеу және жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қарым –қатынасты нығайту мақсатында «Жеңгем-сырласым» атты сайыс өтті. өткізілген сайысқа колледждің 3-4 курс студенттерінен 4 аруымыз жеңгелерімен бірге қатысты. Әр қатысушы «Сәлем-сөздің атасы», «Ойлы болсаң, озып көр», «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Ас мәзірі», «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (жағдаяттан шығу) бөлімдеріне 4 аруымыз жеңгелерімен бірге сынға түсті. Нәтижесінде: 3 орынды «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3 курс студенті Урынбаева Жанар және жеңгесі Телеубаева Сәулемай иеленсе, 2 орынды «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4курс студенті Қыйзатова Ақмоншақ және жеңгесі Оралбаева Ұлдай иеленді. Сайыс жеңімпазы 1 орынды «Негізгі орта білім» мамандығының 3курс студенті Дүзмағанбетова Айнұр және жеңгесі – Себепова Альбина иеленді. Жеңімпаздар арнайы мақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталды. Байқау өз деңгейінде өтіп, қорытындыланды.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарламалардың бірі

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарламалардың бірі

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарламалардың бірі. Мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.Солардың бірі - Астана қаласынан педагогикалық шеберлік орталығынан тренерлерді оқыту курсын аяқтаған колледжіміздің педагогика оқытушысы Хыдырбаева Ләззат Қайырханқызы.

«Жаңартылған білім беру мазмұнында оқыту»

«Жаңартылған білім беру мазмұнында оқыту»

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде заман талабына сай кәсіби маман даярлауды жетілдіру мақсатында жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылуда. 
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары негізінде Астана қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығында» ұйымдастырылған тренерлерді дайындау курсынан 2015-2016 оқу жылында 4 оқытушы (Т.Қадыр, Г.Жаңбырова, Л.Мектепова, А.Кулекенова), 2016-2017 оқу жылында 3 оқытушы (З.Кадирбаева, Л.Хыдырбаева, А.Қалдаулетова), 2017-2018 оқу жылында 2 оқытушы (Ш.Нұртұрғанова, А.Дүзбаева) біліктілігін жетілдіріп келді.

«Колледж аруы-2018» байқауы

«Колледж аруы-2018» байқауы

Құдіретті жыр тудырған санамда, 
Кім екен бұл, Қыз Жібек пе, Баян ба,
Әлде ару Қарлыға ма, Құртқа ма,
Әлде гүл ме өсіп тұрған даламда?! 
Кім де болса періште ғой ғажайып 
Әттен шіркін кетпесе екен азайып.

«Бұрымды қыз-2018» байқауы

«Бұрымды қыз-2018» байқауы

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде қыздар ұйымының ұйымдастыруымен қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу, салт-дәстүрімізді білу, құрметпен қарау, эстетикалық тәрбие беру, шығармашылық-іскерлігін арттыру, қиялын дамыту, іске асыра білу, жұмысын көрсете білу, сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта алуға тәрбиелеу мақсатында 1,2 курс студенттер арасында «Бұрымды қыз-2018» байқауы өтті. Сайысқа: 0111063 «Математика мұғалімі» мамандығының 2 курс студенті Жанақова Қамажай, 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының 1курс студенті Алдонгарова Маусым, 0111063 «Математика мұғалімі» мамандығының 1 курс студенті Жұматаева Жадыра, 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» мамандығының 1 курс студенті Темірбаева Дильнура, 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» мамандығының 1 курс студенті Құрбанбаева Гүлданалар қатысты. «Бұрымды қыз» байқауының шарттары: «Шолпысы әсем жарасып белге» (ұлттық киім кию шарт, қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс-тұрысы сарапталады), таныстыру (өз қалауымен шашын таныстыру) , жарнама (табиғи өнімдерден), ситуациялық сұрақтар (қатысушының ақылы, ой-өрісінің тереңдігі сарапталады), шаш үлгісін жасау, ең шашы ұзын қызды анықтау. 

«Применение эффективных методов в обучении гуманитарным предметам»

«Қоғамдық – гуманитарлық пәндерді тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқыту жолдары»

Жуырда Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінде директордың оқу-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Г.Жаңбырова мен гуманитарлық пәндік циклдік комиссиясының жетекшісі А.Сарбалаеваның ұйымдастыруымен «Қоғамдық – гуманитарлық пәндерді тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқыту жолдары» тақырыбында әдістемелік күндер болып өтті. 
Әдістемелік күндердің мақсаты – гуманитарлық пәндерді оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын, соның ішінде модульдік технологияның тәсілдерін үйрену, оны ұтымды пайдалана білу, пән оқытушыларының өзара тәжірибе алмасуын жүзеге асыру. Әдістемелік күндер аясында цикл мүшелері М.Жампейісованың модульдік технологиясының элементтерін пайдаланып, «Қарлы кесек», «Бақытты сәт», «Брейн-ринг», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», кіріспе сабағы , «Топ жеңімпазы» жарыс сабағы, мәтінмен топтық жұмыс сабағы, эстафеталық жарыс сабағы, «Счастлевый случай», «Биржа знаний» ойын сабақтарының үлгілерін көрсетті.
Әдістемелік күндердің қорытындысы тарих, ағылшын, орыс тілдерін оқытуда модульдік технологияның тиімділігі туралы әдістемелік баяндамалар оқылып, оқытушылар өзара пікірлерін ортаға салып, әріптестер өзара кері байланыс жасалды.

«Студенттің ғылыми ізденіс нәтижелері:талдау және мәселелер»

«Студенттің ғылыми ізденіс нәтижелері:талдау және мәселелер»

2018 жылдың 28 ақпанында Ақтөбе гуманитарлық колледжі базасында «Студенттің ғылыми ізденіс нәтижелері:талдау және мәселелер» тақырыбында ІІІ республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінен студенттер қатысты. «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығының 3курс студенті Айнашов Амандық І дәрежелі дипломға , «Негізгі орта білім» мамандығының 3курс студенті Жанғылбаева Рая ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.Бұл студенттерді дайындап жетекшілік еткен колледждің физика пәні оқытушысы Л.Мектепова мен педагогика пәні оқытушысы З.Кадырбаева.

 «WorldSkills Kazakhstan»

«WorldSkills Kazakhstan»

26-28 ақпан күндері  Ақтау қаласында  жұмысшы мамандығының  «WorldSkills Kazakhstan»  кәсіптік шеберлігі  республикалық чемпионаты  өңірлік кезеңі өткізілді. Республикалық чемпионаттың өңірлік кезеңіне Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінен «Мектепке дейінгі тәрбие»  құзыреттілігі  бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»  мамандығының 3 курс студенттері - Төлегенова Гүлнұр, Жайылханова Ұлмекен және «Бастауыш сыныптарда сабақ беру, дене шынықтыру және спорт»  құзыреттілігі бойынша «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі»мамандығының студенттері Данабаев Әділбек  пен  Кәдірбаев Аян  қатысты. Нәтижесінде Данабаев Әділбек  ІІ  ОРЫНДЫ иеленіп,күміс жүлдегер атанды.

«Жайдарман» маусымашар

«Жайдарман» маусымашар

Жуырда «Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай жастар мен жасөспірімдер, оқушылар, әскери қызметкерлер, мекеме қызметкерлері арасында «Жайдарман» маусымашары болып өтті.
Маусымашарға Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінен «Керемет» және «БГЭК star» командалары қатысты. Бейнеу ауданының мектептері, шекара қызметі командасы, Ақтау қаласынан келген командалар арасында өткен іріктеуден колледжіміздің екі командасы да өтіп, ЖОҒАРЫ ЛИГАҒА жолдама алды. Сонымен қатар, таңдаулы топтар өнер көрсеткен «Жайдарман» маусымашарында көрермен көпшілікке өз әзілдерін тарту етті.