Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Жаңалықтар

Жекпе - жек

Жекпе - жек

Жақында ғана Бейнеу ауданында болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында бұхаралық спортты насихаттау, Жас ұрпақты батылдыққа, елін қорғайтын батырлыққа, ұлттық ата-баба салт дәстүрімен рухани байлыққа бейімдеу, Аймақта заманауи спортты кеңінен тарату арқылы салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, Жекпе –жек ұлттық спорт түрінен республикалық, халықаралық жарыстарға қатысушы спортшыларды іріктеу мақсаттарында Астананың 20жылдық мерекесіне орай Ұлттық жекпе –жектен жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан кубогі мен чемпионатына іріктеу жарысы ұйымдастырылған болатын. Осы жарысқа Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі» біліктілігінің 3курс студенті Кәдірбаев Аян Исатайұлы қатысып, 1998-1999 ж.т жасөспірімдер арасында 50кг салмақ дәрежесінде І орынды иеленді.

WorldSkills Kazakstan-2018

WorldSkills Kazakstan-2018

05.01.2018 ж. күні Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде колледжішілік «WorldSkills Kazakstan-2018» ұлттық чемпионатының колледжішілік кезеңі «Мектепке дейінгі тәрбие» және «Дене тәрбиесі және спорт» құзіреттілігі бойынша өткізілді.
«WorldSkills Kazakstan-2018» ұлттық чемпионатының колледжішілік кезеңінің жеңімпаздары: «Мектепке дейінгі тәрбие» » құзіреттілігі бойынша Жайлыханова Ұлмекен,Төлегенова Гүлнұр; «Дене тәрбиесі және спорт» құзіреттілігі бойынша жеңімпаз студенттер: Данабаев Әділбек,Кәдірбаев Аян. Жеңімпаз студенттеріміз жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің республикалық чемпионатының өңірлік кезеңіне жолдама алды. 

«Сен де бір кірпіш дүниеге...»

«Сен де бір кірпіш дүниеге...»

Кездесу кешінің негізгі мақсаты - студенттердің мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру, оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу, студенттердің қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кештің қадірлі қонақтары ретінде колледж түлектері - математика пәні мұғалімі, мектеп тәлімгері Құттығұлов Ғабит, ұйымдастырушы-педагог, дене тәрбиесі мұғалімі Ауғанбаев Ильяс, арнайы пәндер оқытушысы Аяпов Елмұрат, қосымша білім беру педагогі Мұхамединова Мөлдір, бала-бақша әдіскері, тәрбиеші Таженбаева Жазира шақырылды.

 

Кеш қонақтары студенттермен ой бөлісе отырып: «Бізге білім алу үшін барлық жағдайға жол ашық. Міне, сол білімді саналы түрде игере отырып, Отанымыздың бір тетігіне кірпіш болып қалану – біздің басты парызымыз. Біз, жастар, қоғам, халық алдындағы борышымызды сезіне білуіміз керек. мамандықтың бәрі жақсы. Тек оны жүрек қалауымен таңдай біл. Сонда ғана сенің сол мамандыққа деген қызығушылығын артады»,- деген ой-пікірлермен қорытындылады.

«Жаңа  педтехнологияны   сабақ  процесінде  тиімді қолдану арқылы   нәтижеге  жету  және  мұғалімнің   кәсіби дамуы»

«Жаңа педтехнологияны сабақ процесінде тиімді қолдану арқылы нәтижеге жету және мұғалімнің кәсіби дамуы»

22.12.2017 ж күні «Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі» МКҚК-де «Жаңа педтехнологияны сабақ процесінде тиімді қолдану арқылы нәтижеге жету және мұғалімнің кәсіби дамуы» тақырыбында педагогика, психология және өзін –өзі тану арнайы пәндер циклінің әдістемелік семинары өтті.Цикл жетекшісі- Даулетова Бұрыш.

«Жаңарған замандағы жаңашыл маман» тақырыбындағы  мамандықтар шеруі

«Жаңарған замандағы жаңашыл маман» тақырыбындағы мамандықтар шеруі

2017 жылдың 20 желтоқсан күні Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде директордың оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Г.Жаңбырова мен колледждің қосымша білім беру педагогі Н.Аюпованың ұйымдастыруымен колледжішілік «Жаңарған замандағы жаңашыл маман» тақырыбындағы мамандықтар шеруі байқауы өткізілді.

«Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы»

«Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы»

«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК- де 09-15 желтоқсан аралығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында колледжішілік «Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы» атты тарих және география пәндері апталығы болып өтті. Бұл апталықтың негізгі мақсаты: студенттерді өлкеміздің тарихи- мәдени ескерткіштерімен таныстыру. Оларды насихаттай отырып ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Апталық аясында колледждің тарих және география пәндерінің оқытушылары тарихи танымдық кеш, кездесу, тәрбие сағаттарын өткізді.

«Шәрелхан  Әленұлының  педагогикалық  еңбектеріндегі  халықтық тәрбие  тағылымдары»

«Шәрелхан Әленұлының педагогикалық еңбектеріндегі халықтық тәрбие тағылымдары»

Елбасының  «Болашаққа  бағдар : рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыру   мақсатында Бейнеу  гуманитарлық –экономикалық   колледжінің  педагогика, психология  және  өзін-өзі  тану   арнайы  пәндер  циклінің  комиссия мүшелерінің (жетекшісі Б, Даулетова)  ұйымдастыруымен  2017 жылдың 11 желтоқсан күні «Шәрелхан  Әленұлының  педагогикалық  еңбектеріндегі  халықтық тәрбие  тағылымдары»  тақырыбында  педагогтің 75 жылдық  мерейтойына орай  ғылыми – тәжірибелік      конференция   өткізілді.

Тәлімгерлер семинары

Тәлімгерлер семинары

Желтоқсан айының 8-і күні Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде жас мамандардың өзіндік білімдерін жетілдірулеріне жағдай жасау, оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана білуіне үйрету, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Жас педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы әдістемелік қызметтің рөлі» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары болып өтті.