Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Жаңалықтар

«Нақты ғылымдар елінде» атты математика  және физика апталығы

«Нақты ғылымдар елінде» атты математика және физика апталығы

Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінде қараша айының 20 – 25 аралығында «Нақты ғылымдар елінде» атты математика және физика апталығы өткізілді. Апталықтың алдын – ала жоспары жасалып, апталықтың жоспары көрнекі жерге ілініп, студенттерге таныстырылды.Апталыққа арналған тәрбие шаралары жоспарлы түрде өткізілді. Аталған шараларға барлық студенттер белсене қатысты. Өткізілген шаралардың формалары да әр түрлі болды. Интелектуалды ойын, танымдық сайыстар.

Пәндік олимпиада. Білімді жастар сынға түсті.

Пәндік олимпиада. Білімді жастар сынға түсті.

Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында.Олай болса, ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдардың бірі – пәндік олимпиада деп атауға болады.

Классикалық шығармаларға шолу

Тілдің қай қоғамда, қандай елде болмасын орны бөлек. Тіл болмаса, тірліктің де мәні жоқ. Тіл туралы терең ойлану қоғам үшін, қоғамның әр азаматы үшін парыз болып саналады. Еліміздің түкпір-түкпірінде тілге арналған сан түрлі шаралар өткізіліп жататыны белгілі, олардың мақсат-міндеттері де түрлі.

Студенттік өмір-игі өмірдің бастауы

Студенттік өмір-игі өмірдің бастауы

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде 2017 жылдың қарашаның 17-де Халықаралық студенттер күніне орай студенттерді ізденімпаздыққа, тапқырлыққа баулу, белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, студенттік кезде терең білім алып...

«Лингвистичесий турнир  грамотеев русского и английского языка»

«Лингвистичесий турнир грамотеев русского и английского языка»

Қарашаның 11-інде Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Величие и богатство мировых языков» тақырыбындағы шет тілдері апталығы аясында Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүргізу, сонымен бірге ата-аналардың шет тілге деген қызығушылықтарын ояту мақсатында орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Успанова Сайра мен шет тілі пәнінің оқытушысы Ахметова Айсулу бірігіп ұйымдастырумен «Лингвистичесий турнир грамотеев русского и английского языка» сайысы болды.

«Жекпе-жек» ойыны

«Жекпе-жек» ойыны

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде 2017 жылғы қарашаның 6–11-і күндері «Әлемдік тілдердің құдыреттілігі мен байлығы» тақырыбындағы шетел тілдері апталығының аясында студенттердің орыс тілі мен әдебиетінен білім деңгейін тексеру және оны дамыту мақсатында орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Джумамуратов Мурат «Один на один» зияткерлік ойынын өткізген болатын.

Но жив талант, бессмертен гений

Но жив талант, бессмертен гений

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде 2017 жылғы қарашаның 6–11-і күндері «Әлемдік тілдердің құдіреттілігі мен байлығы»  атты өтіп жатқан орыс тілі мен ағылшын тілдерінің пән апталығы аясында  орыс тілі  мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Дүзбаева Айнұрдың ұйымдастыруымен қарашаның 7-сі күні «Но жив талант, бессмертен гений» тақырыбында студенттерге орыс халқының классигі

Әлемдік тілдердің құдіреттілігі мен байлығы

Әлемдік тілдердің құдіреттілігі мен байлығы

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде 2017 жылғы қарашаның 6 – 11-ші күндері «Әлемдік тілдердің құдіреттілігі мен байлығы» атты орыс тілі мен ағылшын тілдерінің пән апталығы өтіп жатыр. Осы апталықтың аясында шет тілі пәнінің оқытушысы Ниярова Айгерімнің ұйымдастыруымен қарашаның 7-сі күні «Ағылшын жазушыларының өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында студенттерге ағылшын классик жазушыларының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, олардың әлемдік тілге қызығушылығын ояту мақсатында әдеби кеш өтті.

«Информатика-ғылымдар жетістігі»

«Информатика-ғылымдар жетістігі»

2017 жылдың қазан айының 09-14 жұлдызы аралығында Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Информатика-ғылымдар жетістігі» атты информатика пән апталығы болып өтті. 

Спорт- салауатты өмір тірегі!

Спорт- салауатты өмір тірегі!

2017 жылдың 27-29 қазан аралығында Ақтау қаласында  Маңғыстау-Арена спорттық клубының базасында  колледж оқушылары арасында  Отансүйгіштік тәрбиесін күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау, достық, ынтамақтастық байланыстарын нығайту, жастарды дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануға тарту, облыста жеңіл атлетиканы дамыту мақсатында  жеңіл атлетикадан  Президенттік  сынаманың 5 түрі бойынша жарыстар болып өтті.