Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Жаңалықтар

Облыстық шығармалар байқауы

Облыстық шығармалар байқауы

Маңғыстау облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеяларын жүзеге асыру мақсатында қазан айында «Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбіш Кекілбаевтың еңбектері» тақырыбында шығарма жазудан облыстық сайыс өткізілді.

«Информатика-ғылымдар жетістігі»

«Информатика-ғылымдар жетістігі»

2017 жылдың қазан айының 09-14 жұлдызы аралығында Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Информатика-ғылымдар жетістігі» атты информатика пән апталығы болып өтті.

Құрметті Бейнеу гуманитарлық

Құрметті Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің ардагер ұстаздары Жаманбаев Каныбек, Жаңбыров Сұлтан, Қайралапов Сабит, Қалышова Бейбіт, Меденов Орынбасар, Сариева Гулбаршын!

Дәстүрлі  Тіл апталығы  туралы  хабарлама

Дәстүрлі Тіл апталығы туралы хабарлама

Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жүзеге асуына қолдау білдіру мақсатында 22 қыркүйек – Қазақстан халықтары Тілдері күніне орай 2017 жылдың 18-23 қыркүйек күндері аралығында «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» атты дәстүрлі тіл апталығы өтті.Апталықтың мақсаты – студенттерге ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындырып,оны өшпес мұра етіп сақтау,ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап жеткізу,мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыруда жетістіктерді паш ету, Елбасының мақаласынан туындайтын міндеттердің жүзеге асырылуын насихаттау, тіл жанашырларын тәрбиелеу.

Ұстаз - ұлы тұлға

Ұстаз - ұлы тұлға

....Өмір деген әркім өз жолын ғұмыр бойы іздеп өтетін қиындығы мен қызығы қатар жүретін, күрделі тарам-тарам соқпақтардан тұратын үлкен мектеп. Осынау үлкен мектепте АДАМ деген үлкен атқа лайықты болу үшін білім мен тәрбие керек.

«Ең белсенді АКТ- мұғалімі»

«Ең белсенді АКТ- мұғалімі»

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» -делінген.

Ғылыми жұмыс

26  наурыз күні  Қазақстан Республикасы Кіші ғылым  Академиясының XVII-ші Облыстық ғылыми- тәжірибелік  конференциясына  Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінен студенттер қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

"Білікті  маман - өмір талабы" тақырыбында  өткізілген педагогика,  психология  және  өзін-өзі  тану, эстетикалық  пәндер апталығы

"Білікті маман - өмір талабы" тақырыбында өткізілген педагогика, психология және өзін-өзі тану, эстетикалық пәндер апталығы

13.03.2017ж күні «Білікті маман – өмір талабы» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанатында студенттер мамандықтар бойынша өлеңдер оқып, ПЦК жетекшісі апталықтың жоспарымен студенттерді таныстырды.

«Қыз ұлт болашағы»

6.03.2017 жылы Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында «Қыз ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауы өткізілді.